Сабынды ауылдық округінің елді мекендеріне көшелер атауын беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.08.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сабынды ауылдық округінің елді мекендеріне көшелер атауын беру туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармақшасына және жергілікті халықтың пікірін ескере отырып, Сабынды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Сабынды ауылына келесі көшелер атауы берілсін: № 1 көшесіне - Абай Құнанбаев атауы берілсін; № 2 көшесіне - Гоголь атуы берілсін; № 3 көшесіне - Әнуарбек Үсенұлы атуы берілсін; № 4 көшесіне - Карл Маркс атауы берілсін; № 5 көшесіне - Керімжан Көшмағанбет атауы берілсін; № 6 көшесіне - Первомайская атауы берілсін; № 7 көшесіне - Юрий Гагарин атауы берілсін; № 8 көшесіне - Водопроводная атауы берілсін.
Тармақ 2
2. Қараегін ауылына келесі көшелер атауы берілсін: № 1 көшесіне - Шоқан Уәлиханов атауы берілсін; № 2 көшесіне - 9 Мая атуы берілсін; № 3 көшесіне - 8 Март атуы берілсін; № 4 көшесіне - Октябрьская атауы берілсін; № 5 көшесіне - Новая атауы берілсін.
Тармақ 3
3. Алғабас ауылының № 1 көшесіне - Абай Құнанбаев атауы берілсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 5
5. Осы шешім Қорғалжын ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: "Қорғалжын ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Г.К. Сыздыкова