О введении временного запрета на вывоз бензина Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.10.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бензин әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі Кеден кодексінің 8-бабының 2-тармағына сәйкес және мұнай өнімдерінің ішкі нарығын тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағынан мыналарды: бензинді (СЭҚ ТН коды 2710 11 410 0 - 2710 11 590 0) 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін әкетуге тыйым салынсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетін Қазақстан Республикасы осы қаулының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан бензин және дизель отынын әкетуге тыйым салуды енгізетіні туралы хабардар етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.