Балықты ауылындағы "Мир" көшесін Қынтаев Жақсымбектің атымен өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.08.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Балықты ауылындағы "Мир" көшесін Қынтаев Жақсымбектің атымен өзгерту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Балықты ауылындағы "Мир" көшесі Қынтаев Жақсымбектің атымен өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзыретіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.