Қызылқоға ауданында жастар тәжірибесін ұйымдастыру және қаржыландыру туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қызылқоға ауданында жастар тәжірибесін ұйымдастыру және қаржыландыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 "Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарының (Жол картасы) 1 тармағының 1.5 тармақшасына, Атырау облысы әкімиятының 2009 жылғы 26 маусымдағы N 154 "Атырау облысында жастар тәжірибесін ұйымдастыру және қаржыландыру" туралы қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ауылдық, селолық округ әкімдері жастар тәжірбесін ұйымдастыруға бөлінген қаражаттың уақтылы және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Қызылқоға ауданында жастар тәжірибесін ұйымдастыру және қаржыландыруда мыналар:
Тармақша 1
1) Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жастар тәжірибесін ұйымдастыру бойынша уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) болып табылады;
Тармақша 2
2) уәкілетті орган жергілікті бюджет қаражаты есебінен олардың шығынын өтеу арқылы жастар тәжірибесін ұйымдастыруға жұмыс берушілермен шарттар жасасады деп белгіленсін.
Тармақ 3
3. Уәкілетті орган жастарды жұмыспен қамту саласында өңірлік еңбек нарығында қалыптасқан жағдайды талдау негізінде жастар тәжірибесін өткізуді ұйымдастырады.
Тармақ 4
4. Жастар тәжірибесін ұйымдастыру кезінде:
Тармақша 1
1) уәкілетті органда тіркелген жұмыссыз жастардың саны және жұмыссыздардың жалпы санындағы оның үлесі;
Тармақша 2
2) ұзақ уақыт жұмыссыз жүрген жастар санының өсуі;
Тармақша 3
3) жұмысқа орналастыру мүмкіншілігін төмендететін жұмыссыз жастардың жұмыс өтілі, алған мамандықтары бойынша дағдыларының болмауы;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген басқа да шарттар ескеріледі.
Тармақ 5
5. Уәкілетті орган жастар тәжірибесіне қатысушылардың қабылдау мүмкіндігі мен өндірісті кеңейту, алға қарай дамуда болашағы бар қаржылық-экономикалық тұрғыдан тұрақты кәсіпорындар туралы ақпараттарды жинау бойынша жұмыс жүргізеді. Сонымен қатар уәкілетті орган бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жастар тәжірибесін өткізу мен ұйымдастырудың негізгі шарттары туралы хабарлайды.
Тармақ 6
6. Уәкілетті орган кәсіпорындар туралы жиналған ақпараттарды талдау және қорыту негізінде жастар тәжірибесіне қатысу үшін жұмыссыз жастарға іріктеу жүргізеді. Кандидаттарды іріктеу кезінде келесідей өлшемдер:
Тармақша 1
1) уәкілетті органда жұмыссыз есебінде тіркелуі;
Тармақша 2
2) жоғары оқу орнының, колледж немесе кәсіптік лицейдің түлегі болуы;
Тармақша 3
3) жастар тәжірибесін ұйымдастыру кезінде уәкілетті органның мәліметі бойынша олар үшін қолайлы жұмыстың болмауы есепке алынады.
Тармақ 7
7. Жұмыссыздардың жастар тәжірибесіне қатысуына жастар тәжірибесі басталған сәттен бастап рұқсат етіледі және жұмыссыз есебінде тіркелген күніне сәйкес кезектілік ретімен жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдармен және жастарды жұмысқа орналастыруға мүдделі басқа ұйымдармен (келісім бойынша) бірлесіп жастар тәжірибесін өткізуді ұйымдастырады.
Тармақ 9
9. Уәкілетті орган жастар тәжірибесіне жұмыссыздарды қабылдауға келісім берген жұмыс берушілермен шарттар жасасады. Шарт алты айға дейінгі мерзімге жасалады.
Тармақ 10
10. Уәкілетті орган жастар тәжірибесі қатысушыларымен (бұдан әрі - қатысушылар) еңбек шартын жасасады.
Тармақ 11
11. Жастар тәжірибесі аяқталғаннан кейін тұрақты немесе уақытша жұмыс орнына орналаспаған қатысушылар жұмыссыз ретінде уәкілетті органдарда есепте тұруды жалғастырады.
Тармақ 12
12. Қатысушылардың еңбегіне ақы төлеуді уәкілетті органдар жасалған еңбек шарттары негізінде іс жүзінде жасаған жұмыс уақыты үшін олардың дербес шоттарына қаражат аудару арқылы жүргізеді. Жергілікті бюджеттерден бір қатысушыға орташа айлық аударымдар 20 000 теңгені құрайды.
Тармақ 13
13. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 14 шілдедегі N 199 "Қызылқоға ауданында жастар тәжірибесін ұйымдастыру және қаржыландыру ережесін бекіту туралы" қаулысы жойылсын.
Тармақ 14
14. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Шаяхметовке жүктелсін.
Тармақ 15
15. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 маусымынан бастап туындаған қатынастарға таралады.