Об изменении границ сел Советское, Чистовское и аула Сулышок района Магжана Жумабава Қолданыста
Басқа 0
Мағжан Жұмабаев ауданы Совет, Чистовск селоларының және Сулышоқ ауылының шекараларын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер Кодексінің 108-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 31-бабы 1-тармағы 10-тармақшасына және 6-бабы 1-тармағы 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аймақтық құрылысы туралы» заңының 5, 12-баптарына сәйкес, Совет, Чистов, Успен селолық округ әкімдерінің ұсыныстары және Совет, Чистовск селолары мен Сулышоқ ауылының тұрғындары жиналысының хаттамалары негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және аудан мәслихаты ШЕШІМ қабылдайды:
Тармақ 1
1. Совет, Чистовск селоларының және Сулышоқ ауылының шекараларына қордағы жерлерден жер қосылып, өзгертілсін:
Совет селосына – 46 га, Совет селосының соңғы шекарасы 2243 га болып есептелсін;
Чистовск селосына – 351 га, Чистовск селосының соңғы шекарасы 2288 га болып есептелсін;
Сулышоқ ауылына – 185 га, Сулышоқ ауылының соңғы шекарасы 581 га болып есептелсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім мен қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне еніп, алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн соң қолданысқа енгізіледі.