Еңбекшіқазақ ауданының елді-мекендерінің шекарасын өзгерту туралы Қолданыста
Басқа 0
Еңбекшіқазақ ауданының елді-мекендерінің шекарасын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 108-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына сәйкес және аудан әкімінің 2009 жылғы 10-маусымдағы N 7-1/902 және 7 тамыздағы N 7-1/1224 хаттарының негізінде, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ават селолық округтегі Ават ауылының жанындағы бос жатқан 15 га және Рахат селолық округтегі Азат ауылының бос жатқан 10 га, Қайназар ауылының бос жатқан 4 га жер телімі елді-мекендер категориясының жерлеріне көшірілсін.
Тармақ 2
2. Картографиялық материалдарға келістіріп жоғарыда көрсетілген ауылдық аумақтардың шекарасы 29 га өзгертілсін.
Тармақ 3
3. Еңбекшіқазақ аудандық жер қатынастары бөлімі тіркеу құжаттарына өзгеріс енгізсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бөлтірік Аусадықұлы Жақыповқа және аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бірлескен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.