О присвоении наименований улицам в селе Алга Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.08.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алға ауылының көшелеріне атаулар беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңы 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Заңы 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және 2009 жылғы 14 мамырдағы Алға ауылы тұрғындары жиынының № 01 хаттамасын есепке ала отырып, Уәлихан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Алға ауылының көшелерге келесі атаулар берілсін:
Тармақша 1
1) Алға ауылында № 1 көшесіне «Абылай хан» атауы, № 2 көшесіне «Қанай би» атауы.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Еңбекшілдер ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми түрде жарық көрген күннен бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: Еңбекшілдер ауданының «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы А.Қ. Ахметова Еңбекшілдер ауданының «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Г.Т. Жақыпова