О присвоении наименований улицам в селе Мамай Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.08.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мамай ауылының көшелеріне атаулар беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңы 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Заңы 14-бабының 4-тармақшасына және 2009 жылғы 18 мамыр Мамай ауылы тұрғындары жиынының № 03 хаттамасын есепке ала отырып, Мамай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Мамай ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін: № 1 көшесіне – «Біржан сал» атауы, № 2 көшесіне - «Абай» атауы, № 3 көшесіне - «Абылай хан» атауы, № 4 көшесіне - «Шоқан Уәлиханов» атауы.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Еңбекшілдер ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа еңгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: Еңбекшілдер ауданының «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы А.Қ. Ахметова Еңбекшілдер ауданының «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Г.Т. Жақыпова