О присвоении наименований улицам в аулах Актас, Акбулак и селах Енбекшильдерское, Атансор Қолданыста
Басқа 0
Ақтас, Ақбұлақ ауылдарының және Еңбекшілдер, Атансор селоларының көшелеріне атаулар беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңы 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Заңы 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және 2009 жылғы 18 наурыздағы Ақтас ауылы тұрғындары жиынының № 03 хаттамасын, 2009 жылғы 20 наурыздағы Ақбұлақ ауылы тұрғындары жиынының № 04 хаттамасын, 2009 жылғы 18 наурыздағы Еңбекшілдер селосы тұрғындары жиынының № 02 хаттамасын, 2009 жылы 20 наурыздағы Атансор селосы тұрғындары жиынының № 05 хаттамасын есепке ала отырып Еңбекшілдер ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Көшелерге төмендегідей атаулар берілсін:
Тармақша 1
1) Ақтас ауылында № 1 көшесіне - «Элеватор» атауы, № 2 көшесіне - «Достық» атауы, № 3 көшесіне - «Темір жол» атауы, № 4 көшесіне - «Біржан сал» атауы, № 5 көшесіне - «Көктем» атауы, № 6 көшесіне - «Болашақ» атауы берілсін;
Тармақша 2
2) Ақбұлақ ауылында № 1 көшесіне - «Мектеп» атауы, № 2 көшесіне - «Бірлік» атауы берілсін;
Тармақша 3
3) Еңбекшілдер селосында № 1 көшесіне - «Орталық» атауы, № 2 көшесіне - «Тың игеру» атауы, № 3 көшесіне - «Абай» атауы, № 4 көшесіне «Мектеп» атауы берілсін;
Тармақша 4
4) Атансор ауылында № 1 көшесіне - «Алшынбай» атауы берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме жүктеймін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Еңбекшілдер ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Еңбекшілдер ауданының
«Сәулет және қала құрылысы
бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы А. Қ. Ахметова
Еңбекшілдер ауданының
«Мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Г. Т. Жақыпова