О присвоении наименований улицам в селах Заураловка, Кудыкагаш, Яблоновка Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.08.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Заурал, Құдықағаш, Яблоновка ауылдарының көшелеріне атаулар беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Заңы 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және 2009 жылғы 04 мамырдағы Заурал ауылы тұрғындары жиынының № 09 хаттамасын, 2009 жылғы 06 мамырдағы Құдықағаш ауылы тұрғындары жиынының № 11 хаттамасын, 2009 жылғы 04 мамырдағы Яблоновка ауылы түрғындары жиынының № 10 хаттамасын есепке ала отырып, Заурал ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Заурал, Құдықағаш, Яблоновка ауылдарының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
Тармақша 1
1) Заурал ауылында № 1 көшесіне - «Бәйтерек» атауы, № 2 көшесіне - «Тәуелсіздік» атауы, № 3 көшесіне – «Болашақ» атауы, № 4 көшесіне - «Сары-арқа» атауы;
Тармақша 2
2) Құдықағаш ауылында № 1 көшесіне - «Алға» атауы, № 2 көшесіне – «Болашақ» атауы;
Тармақша 3
3) Яблоновка ауылында № 1 көшесіне - «Аталық» атауы, № 2 көшесіне - «Тәуелсіздік» атауы.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Еңбекшілдер ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: Еңбекшілдер ауданының «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы А.Қ. Ахметова Еңбекшілдер ауданының «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Г.Т. Жақыпова