О присвоении наименований улицам села Мортык Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.07.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мортық ауылының көшелеріне атаулар беру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыcы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, 2009 жылдың 8 маусымындағы Мортық ауылының тұрғындар жиналыстарының хаттамасын есепке ала отырып, Новоишимка ауыл аймағының әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мортық ауылының көшелеріне атаулар беру: № 1 көшеге – Желтоқсан атауы, № 2 көшеге - Абай атауы, № 3 көшеге - Жамбыл атауы, № 4 көшеге - Абылай хан атауы.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Целиноград ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.