О присвоении наименований улицам в аулах Ангал и Жаналык Қолданыста
Басқа 0
Анғал батыр және Жаңалық ауылдарының көшелеріне атаулар беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңы 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Заңы 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес, 2009 жылғы 13 мамырдағы Аңғал батыр ауылы тұрғындары жиынының № 06 хаттамасын және 2009 жылғы 14 мамырдағы Жаңалық ауылы тұрғындары жиынының № 07 хаттамасын есепке ала отырып, Аңғал батыр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Аңғал батыр және Жаңалық ауылдарының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
Тармақша 1
1) Аңғал батыр ауылында № 1 көшесіне – «Ақсу» атауы, № 2 көшесіне - «Аманкелді» атауы, № 3 көшесіне - «Жамбыл» атауы, № 4 көшесіне – «Аңғал батыр» атауы, № 5 көшесіне – «Ақ қайын» атауы, № 6 көшесіне – «Жанбатыр қажы» атауы;
Тармақша 2
2) Жаңалық ауылында №1 көшесіне – «Бейбітшілік» атауы.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Еңбекшілдер ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Еңбекшілдер ауданының
«Сәулет және қала
құрылысы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы А.Қ. Ахметова
Еңбекшілдер ауданының
«Мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Г.Т. Жақыпова