О переименовании улиц и переулков сел Искра, Степок Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Искра, Степок селоларының көшелер және тұйық көшелерінің атауларын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылдың 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 35 бабының 2 тармағына, Искра және Степок селоларының халық пікірін ескере отырып, Искра селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Искра, Степок селосының көшелерінің және тұйық көшелерінің атауларын өзгертілсін: Искра селосында: «Восточная» көшесі –«Шығыс» көшесіне; «Степная» көшесі – «Сарыарқа» көшесіне; «Лесная» көшесі – «Абылайхан» атындағы көшеге; «Киров» атындағы көше – «Тәуелсіздік» көшесіне; «Мира» көшесі – «Бейбітшілік» көшесіне; «Школьная» көшесі – «Болашақ» көшесіне; «В.Ленин» атындағы көше – «Абай» атындағы көшеге; «А.Пушкин» атындағы көше – «Сәкен Сейфуллин» атындағы көшеге. Степок селосында: «Окябрьская» көшесі – «Мағжан Жұмабаев» атындағы көшеге; «В.Ленин» атындағы көше – «Мұхтар Әуезов» атындағы көшеге; «Целинная» көшесі – «Ыбрай Алтынсарин» атындағы көшеге; «Южная» көшесі – «Егемендік» көшесіне; «Больничный» тұйық көшесі – «Жастар» тұйық көшесіне; «Торговый» тұйық көшесі – «Жеңіс» тұйық көшесіне; «Западный» тұйық көшесі – «Батыс» тұйық көшесіне; «Новый» тұйық көшесі – «Желтоқсан» тұйық көшесіне; «Школьный» тұйық көшесі – «Достық» тұйық көшесіне.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақкөл ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: «Ақкөл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Б.Әкімова «28» тамыз 2009 жылы