Атасу кенті Қарауылтөбе көшесіне еңбек ардагері Баян Халетұлы Күжікеновтың атын беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Атасу кенті Қарауылтөбе көшесіне еңбек ардагері Баян Халетұлы Күжікеновтың атын беру туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабының 5-1 тармақшасының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" N 45 Қаулысының, 2007 жылғы 12 наурыздағы аудандық ономастикалық комиссияның N 8 ұйғарымы негізінде аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Атасу кентінің Қарауылтөбе көшесіне еңбек ардагері Б. Күжікенов аты берілсін.
Тармақ 2
2. Жаңаарқа аудандық Мәслихатының 2007 жылғы 22 қарашадағы ІV-сессиясының "Атасу кентінің Қарауылтөбе көшесіне еңбек ардагері Баян Халетұлы Күжікеновтың атын беру туралы" N 4/36 шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалысын қадағалау аудандық Мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау және заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссияға тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен шешім мен қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.