О присвоении наименований улицам станции Тастак Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.08.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тастақ станциясының көшелеріне атаулар беру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасынының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, Тастақ станциясы тұрғындар жиналысының 2009 жылдың 17 тамыздағы № 12 хаттамасын есепке ала отырып, Луговой ауыл аймағының әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Тастақ станциясының көшелеріне атаулар берілсін: № 1 көшеге – «Астық» атауы, № 2 көшеге – «Теміржол» атауы, № 3 көшеге – «Орталық» атауы.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Целиноград ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жариаланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: «Целиноград ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы А.Сағымбаев «Целиноград ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Ш.Өтегенова