О присвоении наименований улицам в селах Отаутускен, Каратомар Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.08.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қаратомар, Отаутүскен ауылдарының көшелеріне атаулар беру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы Занының 35 бабының 2 тармағына, «Қазакстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы түралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылдың 8 желтоқсанындағы Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, Қаратомар, Отаутүскен ауылдары тұрғындары жиналыстарының 2009 жылдың 2 маусымындағы № 6, № 7 хаттамаларын есепке ала отырып, Шалқар ауыл аймағының әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Көшелерге атаулар берілсін: Қаратомар ауылында: № 1 көшеге – «Дина Нұрпейісова» атауы; Отаутүскен ауылында: № 1 көшеге - «Құрманғазы» атауы, № 2 көшеге - Мұстафа Шоқай» атауы, № 3 көшеге – «Оралхан Бөкей» атауы, № 4 көшеге – «Шәмші Қалдаяқов» атауы, № 5 көшеге – «Ақан Сері» атауы;
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын;
Тармақ 3
3. Осы шешім Целиноград ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа еңгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: «Целиноград ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Ш.Өтегенова «Целиноград ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы А.Сагымбаев