О присвоении наименований улицам в селах Максимовка, Тонкерис, Фарфоровый и на станциях Косчеку и Жайнак Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.08.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Максимовка, Тонкеріс, Фарфоровый ауылдарында және Қосшоқы, Жайнақ станциясында көшелерге атаулар беру туралы. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасынының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, Максимовка ауылының 2009 жылдың 24, 25 маусымдағы № 10, № 11, № 12, № 13, № 14, № 15, № 16, № 17, Төнкеріс ауылының 2009 жылдың 26 маусымдағы № 22, Фарфоровый ауылының 2009 жылдың 26 маусымдағы № 18, № 19, № 20, № 21, Қосшоқы станциясының 2009 жылдың 27 маусымдағы № 23, № 24, № 25, Жайнақ станциясының тұрғындар жиналыстардың 2009 жылдың 26 маусымдағы № 26, № 27 хаттамаларын есепке ала отырып, Максимовка ауыл аймағының әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Көшелеріне атаулар берілсін: Максимовка ауылында: № 1 көшеге – Атамекен атауы, № 2 көшеге – Ақниет атауы, № 3 көшеге – Дарын атауы, № 4 көшеге – Шалқар атауы, № 5 көшеге – Қайнар атауы, № 6 көшеге – Өркен атауы, № 7 көшеге – Қайсар атауы, № 8 көшеге – Айбын атауы, № 9 көшеге – Егемендік атауы, № 10 көшеге – Береке атауы; Төнкеріс ауылында: № 1 көшеге – Мәдениет атауы, № 2 көшеге – Қайраткер атауы, № 3 көшеге – Сұнқар атауы; Фарфоровый ауылында: № 1 көшеге – Шапағат атауы, № 2 көшеге – Достық атауы, № 3 көшеге – Бейбітшілік атауы, № 4 көшеге – Парасат атауы; Қосшоқы станциясында: № 1 көшеге – Қаһарман атауы, № 2 көшеге – Ыбрай Алтынсарин атауы, № 3 көшеге – Алаш атауы; Жайнақ станциясында: № 1 көшеге – Жастар атауы, № 2 көшеге – Шұғыла атауы.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Целиноград ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: «Целиноград ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Ш.Өтегенова «Целиноград ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы А.Сағымбаев