О присвоении наименований улицам аула Акмол Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.08.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақмол ауылының көшелеріне атаулар беру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыcы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, Ақмол ауылы тұрғындары жиналысының 2009 жылдың 03 шілдесіндегі хаттамасын есепке ала отырып, Ақмол ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ақмол ауылының көшелеріне атаулар берілсін: № 1 көшеге - «Ілияс Есенберлин» атауы, № 2 көшеге - «Шоқан Уәлиханов» атауы, № 3 көшеге - «Сәкен Сейфуллин» атауы, № 4 көшеге - «Қапан Мухамеджанов» атауы, № 5 көшеге - «Бейімбет Майлин» атауы, № 6 көшеге - «Ілияс Жансүгіров» атауы, № 7 көшеге - «Наурыз» атауы, № 8 көшеге - «Мәлік Ғабдуллин» атауы, № 9 көшеге - «Сәбит Мұқанов» атауы, № 10 көшеге - «Людмила Русланова» атауы, № 11 көшеге - «Қорғалжын» атауы, № 12 көшеге - «Мұхтар Әуезов» атауы.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Целиноград ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: «Целиноград ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Ш.Өтегенова «Целиноград ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы А.Сағымбаев