Об утверждении формы заявления и перечня документов, представляемых организацией, управляющей имущественными правами на коллективной основе, для прохождения аккредитации Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын өтініштің нысанын және құжаттар тізбесін бекіту туралы «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы 1996 жылғы 10 маусымдағы Заңының 46-2-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса берілген:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын өтініштің нысаны;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын құжаттар тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді және ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын өтініш
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 27 тамыздағы 2019 жылғы № 115 бұйрығына 1-қосымша Нысаны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі __________________________ басшының аты-жөні, тегі (бар болғанда)(бұдан әрі – А.Ж.Т.) __________________________ (ұйым атауы, қызметі, басшы А.Ж.Т.) Реквизиттері: ______________ (заңды мекен-жайы, байланыс телефоны) Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын өтініш Бірлестік мүшелерінің атынан «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-1-бабының тәртібімен аккредиттеуді сұраймын _________________________________________________________________________ (ұйым орналасқан мекен жайы) орналасқан, тіркеу нөмірі ______________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның тіркелу нөмірі) БСН: ______________________________________________________________________________ (ол бар болған жағдайда)(бизнес-сәйкестендіру нөмірі) ______________________________________________________________________________ (мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымның толық атауы) ұжымдық басқарудың келесі саласында ______________________________________________________________________________ («Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 3-тармағына сәйкес) Өтінішке қосымша келесі құжаттар тіркеледі: ___________________________________________________________________________ Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Басқа 2. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын құжаттар Тізбесі
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 27 тамыздағы 2019 жылғы № 115 бұйрығына 2-қосымша Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын құжаттар Тізбесі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне:
Тармақша 1
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
Тармақша 2
2) аккредиттеуден өту туралы жалпы жиналыс шешімінің электрондық көшірмесі;
Тармақша 3
3) ұйымның ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқаратын шетелдiк ұйымдармен жасасқан екiжақты және көпжақты келiсiмдерiнің электрондық көшірмесі;
Тармақша 4
4) жалпы жиналыстың сыйақы мөлшеріне қатысты шешімінің электрондық көшірмесі;
Тармақша 5
5) жалпы жиналыстың пайдаланушылармен лицензиялық шарт жасасу талаптарына қатысты шешімінің электрондық көшірмесі;
Тармақша 6
6) жалпы жиналыстың жиналған сыйақыны бөлу және төлеу тәсіліне қатысты шешімінің электрондық көшірмесі;
Тармақша 7
7) авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілері құқық иеленушілерінің көрсетілетін қызметті алушыға қатысты пікірлерінің электрондық көшірмесі;
Тармақша 8
8) мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын құжаттардың тізбесіне қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынатын мәліметтер.
Басқа 2.1. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын мәліметтер
Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшінұсынатын құжаттар тізбесіне қосымша нысан Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын мәліметтер
Тармақша 1
1) Авторлық құқықтарды және сабақтас құқықтардыұжымдық басқару үшінжасасқан әрекет күші бар келісімдерсаны_____________________________________________________;
Тармақша 2
2) Авторлық құқық және сабақтас құқық объектілерінің пайдаланушылармен жасасқан әрекет күші бар келісімдер саны_____________________________________________________;
Тармақша 3
3) Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым мүшелерінің тізімі ________________________________________________________________________________;
Тармақша 4
4) Құқық иелері мен пайдаланушылар үшін Қазақстанныңқажет аймақтарында мұндай ұйымның атынан уәкілеттігі бар тұлғалар туралы мәліметтер____________________________;
Тармақша 5
5) Интернет-ресурсы бар туралымәліметтер_____________________________________;
Тармақша 6
6) Авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымның соңғы екі жылдағы қызметін тексеру туралы мәліметтер_______________________________________________________________________.