Мұқыр ауылының көшелеріне атау беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.09.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мұқыл ауылының көшелеріне атау беру туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарын басшылыққа алып Мұқыр ауылының тұрғындарының 2006 жылдың 10 сәуірдегі N 2, 2006 жылдың 25 қыркүйектегі Жаңақала аудандық ономастикалық комиссияның N 3 хаттамаларын қарап ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Мастексай ауылдық округіне қарасты Мұқыр ауылына:
Тармақша 1
1) батыс бағытынан басталатын көшеге "Ардагерлер" атауы;
Тармақша 2
2) солтүстік-шығыс бағытынан басталатын көшеге "Мәрия Сидағалиева атындағы көше";
Тармақша 3
3) солтүстік бағытынан басталатын көшеге "Қурмаш Қуанов" атаулары берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы шешім орындалуына бақылау жасау Мастексай ауылдық округі әкім аппаратының бас маманы Н. Жумасеитовке жүктелсін.