О Правилах регистрации Национальным Банком Республики Казахстан договоров гарантий и поручительств, выданных банками второго уровня Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.11.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Екiншi деңгейдегi банктер берген кепiлдiктер шарттарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң тiркеу тәртiбi туралы ереже жөнiнде 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2002 жылғы 26 қарашадағы № 473 қаулысымен. Екiншi деңгейдегi банктер қызметiнiң нормативтiк-құқықтық базасын жетiлдiру мақсатында және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы бекiткен (1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 237 қаулы) Қазақстан Республикасы Екiншi деңгейдегi банктерiнiң бухгалтерлiк есебi шот жоспарының енгiзiлуiне байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Екiншi деңгейдегi банктер берген кепiлдiктер шарттарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң тiркеу тәртiбi туралы ереже бекiтiлсiн және ол Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Банктiк қадағалау департаментi (Н.Қ.Абдуллина):
Тармақша а
а) Заң департаментiмен (А.Қ.Өртембаев) бiрлесе отырып екiншi деңгейдегi банктер берген кепiлдiктер шарттарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң тiркеу тәртiбi туралы ереженi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркесiн;
Тармақша б
б) осы Қаулыны және Екiншi деңгейдегi банктердiң берген кепiлдiктер шарттарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң тiркеу тәртiбi туралы ереженi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық (аумақтық) басқармаларына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
Тармақ 3
3. Осы Қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары А.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң екiншi деңгейдегi банктер берген кепілдiктер шарттарын тiркеу ережелерi
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 25 шiлдедегi N 288 Қаулысымен Бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң екiншi деңгейдегi банктер берген кепілдiктер шарттарын тiркеу ережелерi Ескерту: Тақырып жаңа редакцияда жазылды және барлық мәтiн бойынша "осы Ереже", "осы Ереженiң", "осы Ережеге" деген сөздер "осы Ережелер", "осы Ережелердiң", "осы Ережелерге" деген сөздермен, тараулардың атауларындағы "I", "II" "III", "IV" деген сандар "1", "2", "3", "4" деген сандармен ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2000 жылғы 28 қарашадағы N 438 қаулысымен . Осы Ереженің "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына және екiншi деңгейдегi банктердiң (бұдан әрi банктер) қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатындағы басқа да заң актiлерiне сәйкес жасалды, Қазақстан Республикасы банктерiнiң берген кепiлдiктер шарттарын арнайы есепке алу мәселесiн реттейдi және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық Банк) тiркеу тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелерге
1. Жалпы ережелерге
Тармақ 1
1. Тараптардың бiрi банк болып табылатын кепiлдiктердiң шарттары осы Ережелердiң талаптары ескерiле отырып, жазбаша түрде толтырылуы тиiс. Банктерге кепiлдiктер беру (теңгемен де, шет ел валютасымен де ) тек қана кепiлдiк шартын жасау жолымен және кепiлдiк операцияларын жүргiзуге Ұлттық Банктiң лицензиясы болғанда ғана жүзеге асырылады. - Ескерту. Банктiң шет ел валютасымен кепiлдiктер беруi банктiң шет ел валютасымен банк операцияларын жүргiзуге лицензиясы болғанда ғана және Қазақстан Республикасының валюталық заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
Тармақ 2
2. Егер кепiлдiк берушi кепiлдiк берiлген тұлғаға ақша түрiнде көзделген мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк берiп, борышқордың мiндеттемелерiн орындауда өз жауапкершiлiгi туралы жазбаша хабарласа, ал кредитор бұған қажеттi қалыпты мерзiм iшiнде кепiлдiк берушiнiң ұсынысынан бас тартпаса, кепiлдiк шартының жазбаша нысаны сақталған деп есептеледi.
Тармақ 3
3. Егер кепiлдiкте басқаша көзделмеген болса, кепiлдiк берушi оны қайтарып ала алмайды. Банктердiң тiркеу туралы осы Ережелердегi талаптарды орындамауы, сонымен бiрге кепiлдiк шартын Ұлттық Банкте дер кезiнде тiркемеуi банктердi мәмiлеге қатысушы басқа да тараптар алдындағы жауапкершiлiктен босатпайды.
Тармақ 4
4. Банк тек қана басқа тұлғаның мiндеттемелерiн қамтамасыз ету үшiн кепiлдiктер беруге құқылы. Банктiң кепiлдiктерiнiң шарттары 3 данадан кем болмауы тиiс.
Тармақ 5
5. Банктiң Ұлттық Банкте кепiлдiк шарттарын тiркеуi кепiлдiк берушi-банктi борышқордың мiндеттемесiн орындаудан босатпайды. Мұндай жағдайда Ұлттық Банк кепiлдiк шартын орындау бойынша кепiлдiк берушi болып саналмайды және кепiлдiк берушi ретiндегi банктiң борышқор мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн жауап бермейдi. Банктер теңгемен және шетел валютасымен берген сомасы 5 млн. теңгеден асатын кепiлдiктер (кепiлдемелер) Ұлттық Банкте тiркелуге тиiс. Ескерту: 5-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2000 жылғы 28 қарашадағы № 438 қаулысымен .
Тармақ 6
6. Кепiлдiктер шарты мынадай мазмұнда болуы тиiс: - кепiлдiктiң номерi және берiлген күнi; - кепiлдiк берушi болып саналатын банктiң атауы, мекен-жайы және оның тұрған жерi бойынша Ұлттық Банктiң тиiстi филиалының деректемелерi; - заңды немесе жеке тұлға-борышқордың аты; - борышқорға қызмет көрсететiн банктiң аты және мекен-жайы; - кредитордың аты; - борышқор мiндеттемесiнiң пайда болған күнi; - кепiлдiктiң мөлшерi (сомасы); - кепiлдiктiң қолданылу мерзiмi; - кепiлдiктiң қолданылу мерзiмiнiң тоқтатылу жағдайлары; - кепiлдiк берушi болып саналатын банктiң бiрiншi басшысының және бас бухгалтерiнiң банк мөрiмен расталған қолы; - кепiлдiк шартының Ұлттық Банкке тiркелгенi туралы және оны Ұлттық Банк филиалының арнайы есепке алынғаны туралы мәлiметтер көрсетiлген (N 1 қосымша) аталған құжаттың қорытынды бөлiгiндегi мәтiнi. Екi немесе одан көп парақ етiп жасалған кепiлдiктердiң (кепiлдемелердiң) шарттары нөмірленiп, тiгiлуi керек, қағаз пломбамен қойылуы және банктiң мөрiмен бекiтiлуi керек. Ескерту: 6-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2000 жылғы 28 қарашадағы N 438 қаулысымен .
Тармақ 7
7. Ұлттық Банктiң Банктiк қадағалау департаментiнiң қорытындысы бойынша кепiлдiк шартын тiркеу туралы не тiркеуден бас тарту туралы Ұлттық Банктiң шешiмiн Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары қабылдайды.
Тармақ 8
8. Кепiлдiк шартының жалпы шарттары және оны беру, орындау және тоқтату негiздемесi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
Тармақ 9
9. Егер кепiлдiк берушi кредитор не Тарап банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым болса, кепiлдiк шартын Ұлттық Банкте ресiмдеу және тiркеу банктердi тiркеу тәртiбiмен жүргiзiледi.
Тармақ 2. 2. Банктiң кепiлдiк шартын тiркеуге мiндеттiлiгi және оны Ұлттық Банктiң есепке алу тәртiбi
2. Банктiң кепiлдiк шартын тiркеуге мiндеттiлiгi және оны Ұлттық Банктiң есепке алу тәртiбi
Тармақ 10
10. Банк кепiлдiктер берген кезде кепiлдiк шартын осы мәмiлелер жасалған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешiктiрмей Ұлттық Банкте тiркеуге мiндеттi. Ескерту: 10-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2000 жылғы 28 қарашадағы N 438 қаулысымен .
Тармақ 11
11. Банк берiлетiн кепiлдiк сомасын ескере отырып, кепiлдiк шартын жасаған күнге қарай барлық нормативтердi орындаған жағдайда, банк кепiлдiк беруге құқылы. Мұндай талап банктерде жекелеген пруденциалдық нормативтердiң бұзылуын жою жөнiнде Ұлттық Банк Басқармасы мақұлдаған (келiскен) iс-шаралар жоспарлары (бағдарламалары) болса және олар орындалған болса қолданылмайды. Ескерту: 11-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2000 жылғы 28 қараша N 438 қаулысымен .
Тармақ 12
12. Банк кепiлдiк шартын тiркеу үшiн Ұлттық Банктiң Банктiк қадағалау департаментiне: - осы мәселе жөнiндегi өтiнiшпен қоса кепiлдiк шартының түпнұсқасының 3 данасын; - кепiлдiк берушi болып саналатын банк алдындағы борышқордың қарызының жиынтығы туралы банктiң анықтамасын бередi. Қажет болған жағдайда Ұлттық Банктiң Банктiк қадағалау департаментi банктен қосымша ақпарат сұратуға құқы бар.
Тармақ 13
13. Ұлттық Банк банктiң берген құжаттарын жеті жұмыс күнінiң iшiнде қарайды. Ұлттық Банктiң Банктiк қадағалау департаментi мәселенi оң шешкен жағдайда өтiнiш берушiге, сондай-ақ Ұлттық Банктiң тиiстi филиалына қабылданған шешiм туралы жазбаша хабарлайды. Ескерту: 13-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкінің басқармасы 2000 жылғы 28 қараша N 438 қаулысымен .
Тармақ 14
14. Банктiң кепiлдiк шартын Ұлттық Банкте тiркеудi Ұлттық Банк Екiншi деңгейдегi банктер берген кепiлдiктердiң тiзiмiне тиiстi мәлiметтердi енгiзу жолымен жүргiзедi.
Тармақ 15
15. Банктiң кепiлдiк шартын тiркеу туралы мәлiметтерi Ұлттық Банкте барлық берiлген мәтiндерге енгiзiледi, содан соң үш түпнұсқа данасын кепiлдiк берушi болып саналатын банкке қайтарып бередi, ал ксерокөшiрмесi Ұлттық Банктiң Банктiк қадағалау департаментiнде сақтау үшiн қалады.
Тармақ 16
16. Кепiлдiк шартының тiркелгенi туралы белгiлеуге Ұлттық Банк Төрағасының қолы қойылып, Ұлттық Банктiң мөрiмен куәландырылады.
Тармақ 17
17. Екiншi деңгейдегi банктер берген кепiлдiктердiң тiзiмiне Ұлттық Банк мынадай мәлiметтердi енгiзедi: - кепiлдiк берушi болып саналатын банктiң аты және тiркеу нөмiрi; - кепiлдiк берiлген күнi; - берiлген кепiлдiктiң номерi; - борышқордың аты; - борышқорға қызмет көрсететiн банктiң аты; - кепiлдiктiң мөлшерi (сомасы); - кепiлдiк шартының қолданылу мерзiмi; - кепiлдiк шартына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар туралы белгi; - кредитордың аты.
Тармақ 18
18. Ұлттық Банктiң Банктiк қадағалау департаментi тiркелген кепiлдiк шартының қайтарылған даналарын банктiң тiкелей бiрiншi басшысына немесе бас бухгалтерiне (олардың уақытша мiндетiн орындаушыға) қол қойғыза отырып бередi, не банк басшысының сенiмхаты бойынша банктiң өзге қызметкерлерiне бередi.
Тармақ 19
19. Банк Ұлттық Банк тiркеген кепiлдiк шартын алған соң тiркелген кепiлдiк шартының бiр данасын өзi тұрған жердегi Ұлттық Банктiң тиiстi филиалына есепке қою үшiн үш күннiң iшiнде беруге мiндеттi.
Тармақ 20
20. Банк кепiлдiк шартын Ұлттық Банктiң тiркегенi туралы не тiркеуден бас тартқаны жөнiндегi шешiмi туралы мүдделi адамдарға тез арада жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi.
Тармақ 21
21. Кепiлдiк шартында көрсетiлген мiндеттеменiң ақшалай сомасы Ұлттық Банктiң Банктiк қадағалау департаментiнiң осы банк жөнiндегi ақпараттар жиынтығында көрсетiледi.
Тармақ 22
22. Тараптар кепiлдiк шартына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзген жағдайда, кепiлдiк берушi болып саналатын банк үш күннiң iшiнде осы Ережелерге сәйкес ресiмделген өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеу үшiн Ұлттық Банктiң Банктiк қадағалау департаментiне бередi. Ұлттық Банк кепiлдiк шартына енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеудi кепiлдiк шартындағыдай тәртiппен жүргiзедi.
Тармақ 3. 3. Банкке берiлген кепiлдiктер бойынша олардың мiндеттемелерiн есепке алу тәртiбi
3. Банкке берiлген кепiлдiктер бойынша олардың мiндеттемелерiн есепке алу тәртiбi
Тармақ 23
23. Банк Ұлттық Банкте тiркелген кепiлдiк шартын берген кезде, Ұлттық Банктiң тиiстi филиалы Ұлттық Банк белгiлеген тәртiпке сәйкес осы кепiлдiк шарты бойынша шоттардағы соманы ескередi.
Тармақ 24
24. Ұлттық Банктiң филиалы бiрiншi басшы және бас бухгалтер (немесе олардың уақытша мiндетiн орындаушы) қол қойған және мөрмен расталған кепiлдiк шартының есепке алынғаны жөнiнде белгi қояды.
Тармақ 25
25. Ұлттық Банктiң филиалы әр айдың 8 күнiнен кешiктiрмей Ұлттық Банктiң Банктiк қадағалау департаментiне баланстан тыс есеп жүргiзу бойынша кепiлдiк шарттары туралы есеп-ведомостiн қоса берiлiп отырған нысанға сәйкес (N 2 қосымша) қағазға түсiре отырып, "Х-400" электронды почтасы арқылы "alm statistika" белгiсiмен тиiстi нұсқада берiп отырады.
Тармақ 26
26. Егер банк кредитор болған жағдайда (бұдан әрi банк-кредитор), кепiлдiк берушi банк басқа тұлғаның пайдасына мiндеттеменi қамтамасыз ету үшiн берген кепiлдiк шартын алғаннан кейiн, банк-кредитор осы келiсiмнiң есепте бар екенiн тексеру үшiн Ұлттық Банктiң тиiстi филиалына сұрау салуға мiндеттi.
Тармақ 27
27. Кредиторға кепiлдiк шарты белгiленген тәртiппен тiркелмей түскен жағдайда, кредитор ол жөнiнде Ұлттық Банктiң Банктiк қадағалау департаментiне тез арада жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi.
Тармақ 28
28. Кепiлдiк берушi банктiң, кредитор-банктiң және Ұлттық Банк филиалының банктiк шоттарынан кепiлдiк шарттарында көрсетiлген соманы шығынға жазу кепiлдiк шартында көрсетiлген қолданылу мерзiмi өткен соң, борышқордың немесе кепiлдiк берушiнiң өз мiндеттемелерiн орындауына байланысты, сондай-ақ егер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 336-бабында көзделген шарттар кепiлдiк шартында ескерiлген өзге де жағдайларда жүргiзiледi.
Тармақ 29
29. Банк алдындағы мiндеттемесiн орындаған борышқордың қарызы бойынша провизияларды жiктеу және қалыптастыру Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң активтерi мен баланстан тыс талаптарын жiктеу және олар бойынша провизиялар есептеу туралы Ережелерге сәйкес жүргiзiледi.
Тармақ 4. 4. Қорытынды ережелер
4. Қорытынды ережелер
Тармақ 30
30. Банк Ұлттық Банкте кепiлдiк шартын тiркеу бойынша талаптарды бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленгендей жауапкершiлiкте болады.
Тармақ 31
31. Осы Ережелермен реттелмеген мәселелер қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен реттеледi. Ұлттық Банк Төрағасы
Басқа 1. Банктер жасайтын кепiлдiктер шарттарының қорытынды бөлiгiнiң типтiк үлгiсi
Екiншi деңгейдегi банктер берген кепiлдiктер шарттарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң тiркеу тәртiбi туралы ережелерге № 1 қосымша Банктер жасайтын кепiлдiктер шарттарының қорытынды бөлiгiнiң типтiк үлгiсi 19__ж. " "__________________ N___ осы кепiлдiк шартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi тiркедi. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Төрағасының                  ________________ орынбасары                                    (қолы) " " ________________19__ж.                      М.О. Кепiлдiк берушiге қызмет көрсететiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық (аумақтық) басқармасының кепiлдiк шартын есепке алғаны туралы белгiсi: 19__ж. " " ___________________    N__ кепiлдiк шарты. 19__ж. " " ___________________ есепке алынды. _____________________________________________________________ (Ұлттық Банктiң облыстық (аумақтық) басқармасының атауы) Ұлттық Банкiнiң облыстық (аумақтық) басқармасының бастығы                         _____________ (қолы) Ұлттық Банкiнiң облыстық (аумақтық) басқармасының бас бухгалтерi                  _____________ (қолы) " " ______________ 199_ж.                       М.О.
Басқа 2. Ұлттық Банктiң облыстық (аумақтық) басқармасы есепке алған (N 927061 баланстан тыс шотқа (N 9961 "Есеп беруiне жiберiлген және берiлген әр түрлi құндылықтар мен құжаттар") кепiлдiктер шарттары туралы ЕСЕП-ВЕДОМОСI
Екiншi деңгейдегi банктер берген кепiлдiктер шарттарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң тiркеу Тәртiбi туралы ережелерге № 2 қосымша Ұлттық Банктiң облыстық (аумақтық) басқармасы есепке алған (N 927061 баланстан тыс шотқа (N 9961 "Есеп беруiне жiберiлген және берiлген әр түрлi құндылықтар мен құжаттар") кепiлдiктер шарттары туралы ЕСЕП-ВЕДОМОСI ___________________________________________________________________ рет |Кепiлдiк берушi|Банктiң |Кепiлдiк|Кепiлдiктiң|Кепiлдiктiң N  |болып саналатын|тiркеу  |шартының|берiлген   |қолданылуының |банктiң атауы  |номерi  |номерi  |күнi       |аяқталу мерзiмi ____________________________________________________________________ 1 |        2      |  3     |   4    |     5     |       6 ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Займшы.|Займшы |Кредитор.|Кепiлдiк|Кепiлдiк|Кепiлдiк|Ұзартыл.|Пайда- ның    |банктiң|дың атауы|сомасы  |сомасы  |беру    |ғаны    |ланыл. атауы  |атауы  |         |теңгемен|шет ел  |валютасы|туралы  |ған |       |         |        |валюта. |        |белгi   |кепiл. |       |         |        |сымен   |        |        |дiк |       |         |        |        |        |        |сомасы ____________________________________________________________________ 7   |   8   |    9    |   10   |    11  |   12   |   13   |  14 ____________________________________________________________________ Жиынтығы: Ұлттық Банктiң облыстық (аумақтық) басқармасының бастығы                           ______________ (қолы) Ұлттық Банктiң облыстық (аумақтық) басқармасының бас бухгалтерi                    ______________ (қолы)