О присвоении наименований улицам в ауле Аксу и селе Сапак Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.08.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақсу ауылының және Сапақ селосының көшелеріне атау беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және Ақсу ауылы тұрғындары жиынының 2009 жылғы 18 наурыздағы № 03 хаттамасын, Сапақ селосы тұрғындары жиынының 2009 жылғы 19 наурыздағы № 04 хаттамасын есепке ала отырып, Ақсу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақсу ауылының және Сапақ селосының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
Тармақша 1
1) Ақсу ауылының: № 1 көшесіне – «Бейбітшілік» атауы, № 2 көшесіне – «Желтоқсан» атауы, № 3 көшесіне - «Бөгембай батыр» атауы, № 4 көшесіне – «Достық» атауы, № 5 көшесіне – «Шоқан Уәлиханов» атауы, № 6 көшесіне - «Жеңіс» атауы.
Тармақша 2
2) Сапақ селосының: № 1 көшесіне – «Бейбітшілік» атауы, № 2 көшесіне - «Тәуелсіздік» атауы, № 3 көшесіне – «М.Әуезов» атауы.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Еңбекшілдер ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: Еңбекшілдер ауданының «Сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы А.Қ. Ахметова Еңбекшілдер ауданының «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Г.Т. Жақыпова