О присвоении наименований улицам в селах Когам, Буланды, Карагай, Каратал, Макпал и Дача Қолданыста
Басқа 0
Қоғам, Бұланды, Қарағай, Қаратал, Мақпал және Дача селоларының көшелеріне атаулар беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4-тармақшасына және Дача селосы тұрғындары жиынының 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 08 хаттамасын, Қаратал селосы тұрғындары жиынының 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 09 хаттамасын, Мақпал селосы тұрғындары жиынының 2009 жылғы 2 сәуірдегі № 10 хаттамасын, Қоғам селосы тұрғындары жиынының 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 12 хаттамасын, Қарағай селосы тұрғындары жиынының 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 13 хаттамасын және Бұланды селосы тұрғындары жиынының 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 14 хаттамасын есепке ала отырып, Макин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қоғам, Бұланды, Қарағай, Қаратал, Мақпал және Дача селоларының көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін:
Тармақша 1
1) Дача селосында:
№ 1 көшесіне – «Лесная» атауы берілсін;
Тармақша 2
2) Қаратал селосында:
№ 1 көшесіне – «Кеңесары» атауы,
№ 2 көшесіне – «Мағжан Жұмабаев» атауы;
Тармақша 3
3) Мақпал селосында:
№ 1 көшесіне – «Жаңаталап» атауы,
№ 2 көшесіне – «Бейбітшілік» атауы,
№ 3 көшесіне – «Орталық» атауы,
№ 4 көшесіне - «Қарағайлы» атауы;
Тармақша 4
4) Қоғам селосында:
№ 1 көшесіне – «Мәлік Ғабдуллин» атауы,
№ 2 көшесіне – «Марал Ишан баба» атауы,
№ 3 көшесіне – «Төле би» атауы,
№ 4 көшесіне – «Ыбырай Алтынсарин» атауы,
№ 5 көшесіне - «Ақан сері» атауы;
Тармақша 5
5) Қарағай селосында:
№ 1 көшесіне – «Диірмен» атауы;
Тармақша 6
6) Бұланды селосында:
№ 1 көшесіне – «Бауыржан Момышұлы» атауы,
№ 2 көшесіне - «Дінмұхамед Қонаев» атауы,
№ 3 көшесіне – «Әбілқайыр Досов» атауы,
№ 4 көшесіне – «Жамбыл Жабаев» атауы.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Еңбекшілдер ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Еңбекшілдер ауданының
«Сәулет және
қала құрылысы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы А.Қ. Ахметова
Еңбекшілдер ауданының
«Мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Г.Т. Жақыпова