О присвоении наименования улице села Шнет Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.08.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шнет селосының көшесіне атау беру туралы «Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыcы туралы», Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, Шнет селосының тұрғындар жиналыстарының 2009 жылдың 12 маусымындағы № 8 хаттамасын есепке ала отырып, Рахымжан Қошқарбаев ауылдық аймағының Әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Шнет селосында: № 1 көшесіне «Дінмұхаммед Қонаев» атауы берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Целиноград ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: «Целиноград ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Ш.Өтегенова «Целиноград ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы А.Сағымбаев