Ауыл көшелеріне атау беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.09.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауыл көшелеріне атау беру туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, Бірлік ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бірлік ауылдық округіне қарасты: Еркінабад ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Жаңа құрылыс, Береке, Жастар; Алғабас ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Достық, Ынтымақ, Жұлдыз, Жасшуақ; Қоңырат ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Наурыз, Болашақ деген атаулары берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзыретіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.