Ауыл көшелерін атау және қайта атау туралы Қолданыста
Басқа 0
Ауыл көшелерін атау және қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, Абай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Абай ауылдық округіне қарасты:
Алтын кемер ауылындағы атауы жоқ көшеге Қасым Аманжолов;
Алтын кемер ауылындағы Киров көшесіне Ләззат Асанова;
Халықтар достығы ауылындағы Зоя Космодемьянская көшесіне Жүсіпбек Аймауытов;
Халықтар достығы ауылындағы Комсомол көшесіне Шыңғыс Айтматов;
Халықтар достығы ауылындағы Цветочная көшесіне Гүлдәурен;
Халықтар достығы ауылындағы Первое мая көшесіне Мағжан Жұмабаев;
Халықтар достығы ауылындағы Дружба көшесіне Достық;
Халықтар достығы ауылындағы Молодежная көшесіне Жастар;
Халықтар достығы ауылындағы Ордженикидзе көшесіне Сұлтанмахмұт Торайғыров;
Халықтар достығы ауылындағы Чапаев көшесіне Ілияс Жансүгіров;
Халықтар достығы ауылындағы Терешкова көшесіне Мәншүк Мәметова;
Халықтар достығы ауылындағы Титов көшесіне Шәкәрім Құдайбердыұлы;
Халықтар достығы ауылындағы Юбилейная көшесіне Сәкен Сейфуллин;
Халықтар достығы ауылындағы Чехов көшесіне Саттар Ерубаев;
Жүзімдік ауылындағы Садовая көшесіне Дина Нұрпейісова;
Жүзімдік ауылындағы Мир көшесіне Шоқан Уалиханов;
Жүзімдік ауылындағы Зоя Космодемьянская көшесіне Қалижан Бекхожин;
Жүзімдік ауылындағы Гагарин көшесіне Бейімбет Майлин;
Жүзімдік ауылындағы Горький көшесіне Бәйтерек;
Отан ауылындағы Солнечная көшесіне Әлия Молдағұлова;
Отан ауылындағы Ташкентская көшесіне Мұстафа Шоқай;
Отан ауылындағы Виноградная көшесіне Наурыз;
Бейбітшілік ауылындағы Октябрьдің 70 жылдығы көшесіне Ғабит Мүсірепов;
Бейбітшілік ауылындағы Зеленая көшесіне Дінмұхаммед Қонаев;
Бейбітшілік ауылындағы Заводская көшесіне Шәмші Қалдаяқов;
Бейбітшілік ауылындағы Интернациональная көшесіне Тұрар Рысқұлов;
Бейбітшілік ауылындағы Строительная көшесіне Ілияс Есенберлин деген атаулар берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзыретіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.