Шақпақ баба ауылындағы Бреусов көшесін Бағысбеков Боранбайдың атымен өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.09.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шақпақ баба ауылындағы Бреусов көшесін Бағысбеков Боранбайдың атымен өзгерту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Шақпақ баба ауылындағы Бреусов көшесі Бағысбеков Боранбайдың атымен өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзыретіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.