Ауыл көшелеріне атау беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.09.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауыл көшелеріне атау беру туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, Ынтымақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ынтымақ ауылдық округіне қарасты: Өркенді ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Шамғон, Қайсар; Көрікті ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Бостандық, Бейбітшілік, Тәуелсіздік, Жаңа дәуір, Ақсу, Сарыарқа, Құлшеке, Мелдеби, Жезбике ана Қоңырат; Талапты ауылындағы атауы жоқ көшесіне Бәйдібек; Ақниет ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Игілік, Ақши; Үш көпір ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Ақкөл, Қарақойлы, Қауыншы, Баймұрат; Әден ата ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Диірмен, Достық, Болашақ, Иірлі деген атаулары берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзыретіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.