Атакент кентінің көшелерін атау және қайта атау туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.09.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Атакент кентінің көшелерін атау және қайта атау туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, Атакент кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Атакент кентінің атауы жоқ көшесіне Нұрлы жол; Атакент кентіндегі атауы жоқ көшесіне Ордабасы; Атакент кентіндегі Новостройка көшесіне Тәуелсіздік; Атакент кентіндегі Школьная көшесіне Болашақ; Атакент кентіндегі Жоба көшесіне Жібек жолы деген атаулар берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзыретіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.