Құжат мәтініне өту

Жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы

Қаулы · № 302 · қабылданған 01.09.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.04.2012 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-47977/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 302 ·01.09.2009
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы

ҚАЗЖастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 302 · қабылданған 01.09.2009

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы
Атауы (қаз.)
Жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
302
Қабылданған күні
01.09.2009
Көрсетілген редакция
27.04.2012 · қолданыстағы AI47977_2.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
27.04.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09VO000060
ЭКБ идентификаторы
47977
Редакция идентификаторы
AI47977_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:28

0 Жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13), 14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5, 7 баптарына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының 5, 8 баптарына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі білім алған түлектер санынан жұмыссыз жастарды (бұдан әрі – қатысушылар) жұмысқа орналастыруға ықпал жасау бойынша әлеуметтік қорғаудың қосымша шаралары қабылдансын.

2 2. Жастарды жұмысқа орналастыру төмендегі критерийлер бойынша жүзеге асырылсын:

1 1) қатысушылардың «Көкпекті ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Бөлім) жұмыссыз ретінде тіркелуі;

2 2) қатысушыларды iрiктеу кезеңіңде оларға қолайлы жұмыстың болмауы;

3 3) жасы 29 жасқа дейін;

4 4) жұмыс мерзімі 6 айға дейін.

3 3. алынып тасталды - Көкпекті ауданы әкімдігінің 2010.04.23 № 597 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

4 4. Еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған, жұмыс беруші мен жұмысқа қабылданған қатысушының арасындағы еңбек шартымен анықталады.

5 5. Жұмыспен қамту бағдарламасын орындауға қарастырылған жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландыру кезінде, қатысушылардың еңбегіне ақы төлеу мынадай мөлшерде жүргізіледі:

1 1) техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының түлектері үшін толық айға 1,2 жалақының ең төменгі мөлшері;

2 2) жоғары оқу орындарының және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алған түлектер үшін толық айға 1,5 ең төменгі жалақы мөлшерінде жүргізіледі.

6 6. Еңбекке ақы төлеу, Бөлім қаражатты қатысушылардың дербес шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.

7 7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған қарым-қатынастарға таратылады.