Об утверждении Правил определения порядка и сроков представления и формы отчетности, а также требований к предоставляемой информации о ходе и результатах использования связанных грантов Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Есептілікті табыс ету тәртібі мен мерзімдерін және нысандарын, сондай-ақ байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы берілетін ақпаратқа қойылатын талаптарды анықтау ережесін бекіту туралы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 170-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған есептілікті табыс ету тәртібі мен мерзімдерін және нысандарын, сондай-ақ байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы берілетін ақпаратқа қойылатын талаптарды анықтау ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Инвестициялық саясат және жоспарлау департаменті (Б. Тортаев) Заң департаментімен (Д. Ешімова) бірлесіп осы бұйрықтың Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі М.Ә. Құсайыновқа және Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Б.Ш. Шолпанқұловқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушысының "Байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы есептілікті және ақпаратты табыс ету ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 16 наурыздағы N 36 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 28 наурызда N 3519 тіркелген).
Тармақ 5
5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Есептілікті табыс ету тәртібі мен мерзімдерін және нысандарын, сондай-ақ байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы берілетін ақпаратқа қойылатын талаптарды айқындау ережесі
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 6 тамыздағы N 166 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 тамыздағы N 351 бірлескен бұйрығымен бекітілген Есептілікті табыс ету тәртібі мен мерзімдерін және нысандарын, сондай-ақ байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы берілетін ақпаратқа қойылатын талаптарды айқындау ережесі
Тармақ 1
1. Осы Есептілікті табыс ету тәртібі мен мерзімдерін және нысандарын, сондай-ақ байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы берілетін ақпаратқа қойылатын талаптарды айқындау ережесі (бұдан әрі - Ереже) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі - Бюджет кодексі) 170-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және есептілікті табыс ету тәртібі мен мерзімдерін және нысандарын, сондай-ақ байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы берілетін ақпаратқа қойылатын талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Байланысты гранттардың іске асырылу мониторингін жүзеге асыру шеңберінде оларды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы есептілікті және ақпаратты табыс етудің мақсаты байланысты гранттарды пайдалану тиімділігін бағалау, байланысты гранттарды тартуды жоспарлау процесін жетілдіру және байланысты гранттарды тарту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау болып табылады.
Тармақ 3
3. Байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы есепті жасау кезең-кезеңімен жүзеге асырылады және онда мыналар қамтылады:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларының стратегиялық жоспарларына сәйкес жоспарланған мәліметтер көрінісі;
Тармақша 2
2) қол жеткен нәтижелерді (нақты мәліметтерді) жоспарланғандармен салыстыру;
Тармақша 3
3) жинау көздері мен әдістерін, сондай-ақ байланысты гранттарды пайдалану тиімділігін бағалау үшін ақпаратты өңдеу мен талдаудың пайдаланылған әдістерін көрсету.
Тармақша 4
4) байланысты гранттарды пайдалану тиімділігін бағалау нәтижелері;
Тармақша 5
5) байланысты гранттардың қаражатын пайдалану барысы мен нәтижелерінің донормен жасалған грант туралы келісім шарттарына, сондай-ақ донорлардың байланысты гранттарды беру рәсімдері мен саясатына сәйкестігін бағалау;
Тармақша 6
6) байланысты гранттарды тарту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру жөніндегі ұсынымдар. Байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы есептілік байланысты гранттарды пайдалану тиімділігін бағалау жөніндегі ақпаратты дайындау көзі болып табылады. Байланысты гранттарды пайдалану тиімділігін бағалау төменде көрсетілген ақпаратты өңдеу және талдау әдістерінің негізінде жүргізіледі. Байланысты гранттарды іске асыру барысында қол жеткізілген тікелей материалдық немесе материалдық емес салдарлар болып табылатын нәтижелерге бағалау жүргізген кезде мынадай әдістер қолданылады: заттай көріністегі жұмыстар көлемінің, іске асыру мерзімдері мен қаржы шығындарының байланысты грантты жоспарлау сатысында көзделген тиісті көрсеткіштерге сәйкес келу дәрежесі белгіленеді; көрсеткіштердің стандарттар талаптарына және жоспарлау сатысында құралған өзге де талаптарға сәйкес келу дәрежесі белгіленеді; жоспарлау сатысында қабылданған алғы шарттарды (бастапқы мәліметтерді), сондай-ақ күтілетін ағымдағы шығыстар мен оларды қаржыландыру көздерін растау дәрежесі белгіленеді; жобаны іске асыру барысында туындаған кедергілер мен оларды жою шаралары талданады және іске асыруға қатысушы тараптардың іс-әрекеті бағаланады; жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу тиімділігі туралы қорытынды жасалады. Аяқталған жобаның әлеуметтік-экономикалық жағдайға әсер етуіне бағалау жүргізген кезде мынадай әдістер қолданылады: басқа жобалар қатарындағы жобаның мемлекеттік, салалық және секторалдық бағдарламалардың жоспарланған мақсаттарына қол жеткізуге үлесінің ара қатынасы белгіленеді; ағымдағы шығындар туралы нақты мәліметтер және жоспарлау сатысында құрылған алғы шарттарды (бастапқы мәліметтерді) растау дәрежесі талданады; мемлекеттік, салалық және секторалдық бағдарламалардың жоспарланған мақсаттарына қол жеткізуге жоба үлесінің тиімділігі туралы қорытынды жасалады.
Тармақ 4
4. Ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне байланысты гранттарды іске асыруға жауапты Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен өзге де мемлекеттік органдары (келісім бойынша) осы Ереженің 1-4–қосымшасына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға есептілік нысандарын береді.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган алынған ақпараттар негізінде байланысты гранттарды пайдалануды бағалайды, ол мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) байланысты гранттарды тартудың орындылығын бағалау;
Тармақша 2
2) байланысты гранттарды пайдалану арқылы жоспарланған және қол жеткізген нәтижелерді салыстыру, сондай-ақ олардың республиканың және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін талдау;
Тармақша 3
3) байланысты гранттарды пайдалануға әсер еткен әртүрлі сыртқы факторларды бағалау мен талдау.
Тармақ 6
6. Бағалаудың барлық түрлерін орындаған кезде әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің болжамдарын және донорлардың (бар болған жағдайда) елдік бағдарламаларын әзірлеу шеңберінде байланысты гранттарды дайындау мен іске асыруды жақсарту жөніндегі ұсынымдар жасалады.
Тармақ 7
7. Байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы жылдық есептілікті және ақпаратты байланысты гранттар тартылған өтінімдер бойынша жергілікті өкілді және атқарушы органдардың есептілігін ескере отырып, орталық мемлекеттік органдар мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдарға жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес есепті жылдан кейінгі жылдың 5 наурызынан кешіктірмей тапсырады.
Басқа 1. Байланысты грант қаражатының игерілуі туралы деректер
Есептілікті табыс ету тәртібі мен мерзімдерін және нысандарын, сондай-ақ байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы берілетін ақпаратқа қойылатын талаптарды айқындау ережесіне 1-қосымша Байланысты грант қаражатының игерілуі туралы деректер N р/с Са­нат­тың ата­уы Са­нат­тың со­ма­сы (АҚШ долл.) Жа­у­ап­ты ұй­ым Та­у­ар­лар­ды, қыз­мет көр­се­ту­лер­ді (жұ­мыстар­ды) бе­ру­ші фир­ма Ке­лі­сім-шар­тқа қол қой­ы­л­ған күн Ке­лі­сім-шарт со­ма­сы (АҚШ долл.) 1 2 4 5 6 7 Жиы­ны: кестенің жалғасы АҚШ долл. Қа­ра­жат­тың жұм­сал­ға­ны Жұм­сал­ға­ны Ке­ле­сі ай­ға ар­нал­ған бо­лжам (АҚШ долл.) Ес­кер­ту Ағым­да­ғы жы­лы Бір ай ішін­де АҚШ долл. тең­ге АҚШ долл. тең­ге 8 9 10 11 12 13 14 Ескерту:
Тармақ 1
1. Есепке Қазақстан Республикасының байланысты гранттың іске асырылуы үшін жауапты орталық атқарушы органның немесе өзге де мемлекеттік органының басшысы немесе оның орынбасары қол қояды.
Тармақ 2
2. N 10 және N 12-бағандарда теңгенің АҚШ долларына бағамы қаражатты байланысты гранттың шотынан алу күніне қолданылады.
Басқа 2. 20__ жылғы______ байланысты грант қаражатының түсуі мен жұмсалуы туралы ақпарат
Есептілікті табыс ету тәртібі мен мерзімдерін және нысандарын, сондай-ақ байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы берілетін ақпаратқа қойылатын талаптарды айқындау ережесіне 2-қосымша 20__ жылғы______ байланысты грант қаражатының түсуі мен жұмсалуы туралы ақпарат Кодтары Донор Функционалды топ Грант нөмірі Мекеме Қызмет көрсетілген банктер Бағдарлама Арнайы шоттар Кіші бағдарлама 20___жылғы "__"_____кіріс қалдық: Арнайы шот Грант қаражатының түсуі (бюджеттік жіктеменің коды) N р/с Қа­ра­жат­тың түс­кен кү­ні Ше­тел­дік ва­лю­та­да­ғы со­ма­сы (мың АҚШ долл.) Тең­ге­мен со­ма­сы (мың тең­ге) Бюд­жет­тік жік­те­ме­нің ко­ды Ше­тел­дік ва­лю­та­да­ғы со­ма­сы (мың АҚШ долл.) Кас­са­лық шы­ғы­стар (мың тең­ге) Жыл ба­сы­нан бер­гі бө­лін­ген ли­мит­тер (мың тең­ге) бір ай­да­ғы жыл ба­сы­нан бер­гі бір ай­да­ғы жыл ба­сы­нан бер­гі бір ай­да­ғы жыл ба­сы­нан бер­гі бір ай­да­ғы жыл ба­сы­нан бер­гі 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 Жиы­ны: 20__ жылғы______ арнайы шоттағы таза қалдық: мың АҚШ долл. мың теңге теңге бағамы Байланысты грант қаражаттың есептен шығару (бюджеттік жіктеменің коды) N р/с Қа­ра­жат­тың есеп­тен шы­ға­ры­л­ған кү­ні Ше­тел­дік ва­лю­та­да­ғы со­ма­сы (мың АҚШ долл.) Тең­ге­мен со­ма­сы (мың АҚШ долл.) Бюд­жет­тік жік­те­ме­нің ко­ды Ше­тел­дік ва­лю­та­да­ғы со­ма­сы (мың АҚШ долл.) Кас­са­лық шы­ғы­стар (мың тең­ге) Жыл ба­сы­нан бер­гі бө­лін­ген ли­мит­тер (мың тең­ге) бір ай­да­ғы жыл ба­сы­нан бер­гі бір ай­да­ғы жыл ба­сы­нан бер­гі бір ай­да­ғы жыл ба­сы­нан бер­гі бір ай­да­ғы жыл ба­сы­нан бер­гі 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 Жиы­ны: Ескерту: Есепке Қазақстан Республикасының байланысты гранттың іске асырылуы үшін жауапты орталық атқарушы органның немесе өзге де мемлекеттік органының басшысы немесе оның орынбасары қол қояды.
Басқа 3. Байланысты грант қаражатының 20___ жылғы______ жұмсалуы туралы ақпарат
Есептілікті табыс ету тәртібі мен мерзімдерін және нысандарын, сондай-ақ байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы берілетін ақпаратқа қойылатын талаптарды айқындау ережесіне 3-қосымша Байланысты грант қаражатының 20___ жылғы______ жұмсалуы туралы ақпарат Кодтары Донор Функционалды топ Грант нөмірі Мекеме Қызмет көрсетілген банктер Бағдарлама Арнайы шоттар Кіші бағдарлама N р/с Бюд­жет­тік жік­те­ме­нің ко­ды Бюд­жет­пен бар­лық бе­кі­ті­л­ге­ні Есеп­ті ке­зең­ге ар­нал­ған жос­пар Қар­жы­лан­ды­ру ли­мит­те­рі Офф­шор­лық тө­лем­дер­ді қо­са ал­ған­да, бай­ла­ны­сты грант қа­ра­жа­ты­ның есе­бі­нен жұм­са­ла­тын шы­ғы­стар есеп­ті ай­да­ғы жыл ба­сы­нан бер­гі 1 2 3 4 5 6 7 Жиы­ны: Ескерту: Есепке Қазақстан Республикасының байланысты гранттың іске асырылуы үшін жауапты орталық атқарушы органның немесе өзге де мемлекеттік органының басшысы немесе оның орынбасары қол қояды.
Басқа 4. ________________________________________________ (жобаның атауы) жоба бойынша республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру қаражатының жұмсалуы туралы ақпарат
Есептілікті табыс ету тәртібі мен мерзімдерін және нысандарын, сондай-ақ байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы берілетін ақпаратқа қойылатын талаптарды айқындау ережесіне 4-қосымша ________________________________________________ (жобаның атауы) жоба бойынша республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру қаражатының жұмсалуы туралы ақпарат Функционалды топ Кіші бағдарлама Мекеме Донор Бағдарлама 20___ жылғы "__"_____ жағдай бойынша N р/с Са­нат­тың ата­уы Са­нат­тың со­ма­сы Та­у­ар­лар­ды, қыз­мет көр­се­ту­лер­ді (жұ­мыстар­ды) бе­ру­ші фир­ма Ке­лі­сім-шар­ттың со­ма­сы (ке­лі­сім шарт ва­лю­та­да) Ке­лі­сім-шар­тқа қол қой­ы­л­ған кү­ні АҚШ дол­ла­рын­да жұм­сал­ған қа­ра­жат Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­те көр­се­ті­л­ген шы­ғы­стар Ерекше­лі­гі Кас­са­лық шы­ғы­стар (мың АҚШ долл.) Кас­са­лық шы­ғы­стар (мың тең­ге) есеп­ті ке­зең үшін жыл ба­сы­нан бер­гі есеп­ті ке­зең үшін жыл ба­сы­нан бер­гі 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 Жиы­ны: Ескерту:
Тармақ 1
1. Есепке Қазақстан Республикасының байланысты гранттың іске асырылуы үшін жауапты орталық атқарушы органның немесе өзге де мемлекеттік органының басшысы немесе оның орынбасарлары қол қояды.
Тармақ 2
2. 7-бағанда жоба әрекеті басталғаннан бергі жұмсалған сома көрсетіледі.