Жамбыл ауданы аумағындағы елді-мекендерде бруцеллез ауруының тіркелуіне байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгілеу туралы
ҚАЗЖамбыл ауданы аумағындағы елді-мекендерде бруцеллез ауруының тіркелуіне байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгілеу туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Жамбыл ауданы аумағындағы елді-мекендерде бруцеллез ауруының тіркелуіне байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгілеу туралы
- Атауы (қаз.)
- Жамбыл ауданы аумағындағы елді-мекендерде бруцеллез ауруының тіркелуіне байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 435
- Қабылданған күні
- 09.09.2009
- Қолданысқа енгізілген күні
- 14.10.2009
- Көрсетілген редакция
- 11.10.2010 · қолданыстағы AI48000_1.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 11.10.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09GC000094
- ЭКБ идентификаторы
- 48000
- Редакция идентификаторы
- AI48000_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:26
0 Жамбыл ауданы аумағындағы елді-мекендерде бруцеллез ауруының тіркелуіне байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгілеу туралы
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасын және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 18) тармақшасын басшылыққа ала отырып, аудан аумағында уақ малдары арасында бруцеллез ауруының тіркелуіне байланысты Жамбыл ауданы бас мемлекеттік ветеринариялық инпекторының 2009 жылғы 26 тамыздағы № 294 ұсынысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Аудан аумағындағы уақ малдары арасында бруцеллез ауруының тіркелуіне байланысты, ауру тіркелген елді-мекендерге (қосымшаға сәйкес) шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
2
2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бастығы Н. Жігітековқа (келісім бойынша), «Жамбыл ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы Е. Қасымовқа (келісім бойынша), «Адам және жануарлар үшін ортақ (бруцеллез) ауруларды алдын-алу және күресу жөнiндегi ветеринариялық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 5 қарашадағы № 632 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3252 болып тіркелген) туындайтын тиісті шараларды қабылдау ұсынылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Сейітовке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Жамбыл ауданы бойынша мемлекеттік
санитарлық эпидемиологиялық қадағалау
басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы
Е. Қасымов.
08.09.2009 ж.
«Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік
кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің
Жамбыл аудандық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Н. Жігітеков
08.09.2009 ж.
5 Жамбыл ауданы аумағындағы уақ малдар арасында бруцеллез ауруы тіркелген елді-мекендердің тізімі
Жамбыл ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 435 қаулысына қосымша
Жамбыл ауданы аумағындағы уақ малдар арасында бруцеллез ауруы тіркелген елді-мекендердің тізімі