Кеңдала ауылдық округіне қарасты жаңа құрылыс жерлерінде жаңадан көше атауларын беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.09.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кеңдала ауылдық округіне қарасты жаңа құрылыс жерлерінде жаңадан көше атауларын беру туралы Қазақстан Республикасындағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы, 4-тармағына сәйкес және аудандық «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыреті шегіндегі ономастика отырысының 2009 жылғы 3 маусымдағы келісімін негізге ала отырып, Кеңдала ауылдық округі әкімі ШЕШІМ қабылдады:
Тармақ 1
1. Кеңдала ауылдық округіне қарасты Кеңдала, Еңбекші, Ақдала ауылдарындағы жаңа құрылыс жерлерінің көшелеріне жаңадан еліміздің экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосқан, ұлттық тарихымыз бен мәдениетімізге еңбек сіңірген азаматтардың аттары төмендегідей  берілсін;
Тармақша 1
1) Кеңдала ауылындағы жаңа құрылыс жерлеріндегі төменгі жаңа көшелерге: 1 – көшеге - «Райымбек батыр» көшесі 2 - көшеге - «Ақан Сері» көшесі 3 - көшеге – «Біржан сал» көшесі 4 - көшеге – «Жамбыл Жабаев көшесі 5 - көшеге – «Құрманғазы» көшесі 6 – көшеге - «Қорқыт ата» көшесі 7 – көшеге – «Абылай хан» көшесі 8 - көшеге - «Қарасай батыр» көшесі 9 - көшеге - «Наурызбай батыр» көшесі 10 - көшеге – «Әліби Жангелдин» көшесі 11 - көшеге - «Қабанбай батыр» көшесі 12 – көшеге - «Ыбырай Алтынсарин» көшесі 13 – көшеге - «Абай Құнанбаев» көшесі 14 – көшеге – «Шоқан Уалиханов» көшесі 15 – көшеге – «Сакен Сейфуллин» көшесі 16 – көшеге - «Бейімбет Майлин» көшесі 17 – көшеге - «Дина Нүрпейісова» көшесі 18 – көшеге – «Тәуке хан» көшесі
Тармақша 2
2) Еңбекші ауылындағы жаңа құрылыс жерлеріндегі төменгі жаңа көшелерге: 1 – көшеге – «Әл – Фараби» көшесі 2 – көшеге – «Қазыбек би» көшесі 3 – көшеге – «Сакен Сейфуллин» көшесі 4 – көшеге – «Дінмұхамет Қонаев» көшесі 5 – көшеге - «Төле би» көшесі
Тармақша 3
3) Ақдала ауылындағы жаңа құрылыс жерлеріндегі төменгі жаңа көшелерге: 1 – көшеге – «Әйтеке би» көшесі 2 – көшеге – «Бөгенбай батыр» көшесі
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды өз құзырыма қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күн тізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.