О присвоении наименований и переименований улиц села Кырык-Кудук Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.09.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қырыққұдық селосының көшелеріне атаулар беру және қайта атау туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылдың 8 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасыңдағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, халық пікірін ескере отырып Қырыққұдық селосының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қырыққұдық селосының көшелеріне атаулар берілсін: № 1 көшеге – «Иван Панфилов» атауы; № 2 көшеге - «Қаныш Сәтпаев» атауы; № 3 көшеге – «Абай Кұнанбаев» атауы; № 4 көшеге - «Дінмұхамед Қонаев» атауы; № 5 көшеге - «Сәкен Сейфуллин» атауы.
Тармақ 2
2. Көшелері қайта аталсын: «Центральная» көшесін - «Бөгенбай батыр» атындағы көшесіне; «Клубная» көшесін - «Мұхтар Әуезов» атындағы көшесіне; «Школьная» кошесін - «Ыбрай Алтынсарин» атындағы көшесіне; «Чапаев» көшесін - «Әлия Молдағулова» атындағы көшесіне; «Мира»көшесін - «Маншүк Маметова» атындағы көшесіне; «Джамбул» көшесін - «Жамбыл Жабаев» атындағы көшесіне.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім Ақкөл ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: «Ақкөл ауданының мәдиниет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Б.Б.Әкімова «04» 09 2009 ж. «Ақкөл ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы И.И.Карпова «04» 09 2009 ж.