Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил осуществления мониторинга за использованием возобновляемых источников энергии

Қаулы · № 1529 · қабылданған 05.10.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-48033/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-25 · adilet.kz
Об утверждении Правил осуществления мониторинга за использованием возобновляемых источников энергии Күшін жойған Қаулы ·№ 1529 ·05.10.2009
23.06.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.06.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил осуществления мониторинга за использованием возобновляемых источников энергии

Күшін жойған Қаулы ·№ 1529 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил осуществления мониторинга за использованием возобновляемых источников энергии
Атауы (қаз.)
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мониторингін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1529
Қабылданған күні
05.10.2009
Көрсетілген редакция
23.06.2015 AI48033_4.kaz
Соңғы өзгеріс
23.06.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P090001529_
ЭКБ идентификаторы
48033
Редакция идентификаторы
AI48033_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:18

0 Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мониторингін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мониторингін жүзеге асыру ережесі бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мониторингін жүзеге асыру ережесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 5 қазандағы
N 1529 қаулысымен
бекітілген
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мониторингін жүзеге асыру ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мониторингін жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және жаңартылатын энергия көздерін (бұдан әрі - ЖЭК) пайдалану мониторингін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) ЖЭК пайдалану мониторингі - ЖЭК энергетикалық әлеуеті және электр мен (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін ЖЭК пайдалану нәтижелері туралы ақпаратты жүйелі жинау, есепке алу және талдау;

2

2) ЖЭК пайдалану жөніндегі объекті - ЖЭК пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және ЖЭК пайдалану жөніндегі объектіні пайдалану үшін технологиялық тұрғыдан қажетті және ЖЭК пайдалану жөніндегі объектінің меншік иесінің балансындағы, олармен өзара байланысты құрылыстар мен инфрақұрылым;

3 3) уәкілетті орган - ЖЭК пайдалануды қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

4 4) ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйым (бұдан әрі - энергия өндіруші ұйым) - ЖЭК пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

5 5) шағын СЭС - жиынтық қуаты отыз бес мегаваттан аспайтын, бір гидроторапта орналасқан қондырғылары бар және реттеудің тәуліктік мерзімінен астамын қамтамасыз ететін су қоймалары жоқ су электр станциялары.

3 3. Осы Ережеде пайдаланылатын өзге ұғымдар Қазақстан

Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2 2. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мониторингін жүзеге асыру тәртібі

4 4. Уәкілетті орган ЖЭК пайдалану мониторингін:

1 1) Қазақстан Республикасында электр және (немесе) жылу энергиясын өндірудің жалпы көлемінде ЖЭК пайдалану жөніндегі объектілердің электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру және босату үлесін есепке алу;

2 2) ЖЭК пайдалана отырып, электр энергиясын өндіру көлемінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген нысаналы көрсеткіштерге сәйкестігін айқындау үшін жүзеге асырады.

5 5. Энергия өндіруші ұйым тоқсан сайын уәкілетті органның сұрау салуы бойынша Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзінің әрбір ЖЭК пайдалану жөніндегі объектісі бойынша электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру және босату жөнінде ақпарат береді.

6 6. Жүйелік оператор тоқсан сайын уәкілетті органның сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасында өндірілген және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерден сатып алынған электр энергиясының көлемі туралы ақпарат береді.

7 7. Уәкілетті орган алынған ақпараттың негізінде талдау жүргізеді және Қазақстан Республикасындағы электр және (немесе) жылу энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі ЖЭК пайдалану жөніндегі объектілердің электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үлесін айқындайды.

8

8. Тиісті облыстың жергілікті атқарушы органдары Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күніне дейінгі мерзімде уәкілетті органға ЖЭК пайдалану жөніндегі объектілерді салуға берілген жер учаскелері туралы, сондай-ақ іске қосылған ЖЭК пайдалану жөніндегі объектілер туралы ақпарат береді.

9 9. ЖЭК пайдалану мониторингінің нәтижелері бойынша уәкілетті орган ЖЭК пайдалана отырып, электр энергиясын өндіру көлемін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген нысаналы көрсеткіштермен сәйкестігін айқындайды.

10 10. ЖЭК пайдалану мониторингінің нәтижелері уәкілетті органның интернет-ресурстарында есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 10-күнінен кешіктірмей орналастырылады.

11 11. ЖЭК пайдалану мониторингі шеңберінде уәкілетті орган ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды есепке алуды жүргізеді және олардың тізбесін өзінің интернет-ресурсында жариялайды.

12 12. ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне энергия өндіруші ұйымдарды қосу үшін қажетті құжаттар тізбесін уәкілетті орган айқындайды.

1 20__ жылғы____-тоқсанға жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілердің электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру және босату туралы ақпарат

Жаңартылатын энергия көздерін
пайдалану мониторингін
жүзеге асыру ережесіне
1-қосымша
20__ жылғы____-тоқсанға жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілердің электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру және босату туралы ақпарат

1 1. Энергия өндіруші ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі

_____________________________________________________________________

2 2. Энергия өндіруші ұйымның орналасқан жері ___________________

3 3. ЖЭК пайдалану жөніндегі объектінің атауы ___________________

4 4. ЖЭК пайдалану жөніндегі объектінің орналасқан жері _________

5 5. ЖЭК пайдалану жөніндегі объектінің белгіленген қуаты (кВт) _

6 6. Пайдаланатын ЖЭК түрі ______________________________________

Көр­сет­кіш­тер
Бо­лжам
Нақ­ты
Электр энер­ги­я­сын өн­ді­ру, мың кВтс
Жы­лу энер­ги­я­сын өн­ді­ру, Гкал
Электр энер­ги­я­сын боса­ту, мың кВтс
Жы­лу энер­ги­я­сын боса­ту, Гкал
Электр энер­ги­я­сы­ның ор­та­ша боса­ту ба­ға­сы, тең­ге/кВтс ҚҚС-сыз
Жы­лу энер­ги­я­сы­ның ор­та­ша өл­шем­ді боса­ту ба­ға­сы, тең­ге/Гкал ҚҚС-сыз
Ескертпе:
Электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін ЖЭК-тің екі және одан көп түрлерін пайдаланған жағдайда, есеп әр түрі бойынша жеке беріледі.
_____________________________________________________________________
(Басшы, Т.А.Ә., қолы, күні)

2 Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді салуға берілген жер учаскелері, сондай-ақ іске қосылған жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер туралы ақпарат

Жаңартылатын энергия көздерін
пайдалану мониторингін
жүзеге асыру ережесіне
2-қосымша
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді салуға берілген жер учаскелері, сондай-ақ іске қосылған жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер туралы ақпарат
20__ жылғы ___-тоқсанда _____________ әкімдігі ЖЭК пайдалану
жөніндегі объектілерді салу үшін мынадай жер учаскелерін берді
Р/с

жер учас­ке­сі­нің ка­дастр­лық нө­мі­рі
жер учас­ке­сі­нің ауда­ны, га
жер учас­ке­сі­нің ор­на­лас­қан же­рі, га
бе­рі­л­ген құқық тү­рі және мер­зі­мі
жер учас­ке­сіне құқық­ты ие­ле­ну­ші­нің ата­уы және БСН
жер учас­ке­сі­нің мақ­са­ты*
1
2
3
Ескертпе:
* мақсатының бір түрін көрсету: жобалау-зерттеу жұмыстары үшін,
құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін, ЖЭК пайдалану жөніндегі объектіні
пайдалану үшін.
20__ жылғы _____ -тоқсанда ______________ облысы аумағында
мынадай ЖЭК пайдалану жөніндегі объектілер іске қосылды:
Р/с

объ­ек­ті­нің ата­уы
объ­ек­ті­нің ор­на­лас­қан ор­ны
объ­ек­ті­ні іс­ке қо­су мер­зі­мі
объ­ек­ті­нің негіз­гі жо­ба­лық си­патта­ма­ла­ры
құ­ры­лыс са­лушы­ның ата­уы және БСН
1
2
3
_____________________________________________________________________
(Басшы, Т.А.Ә., қолы, күні)

Қолданыстағы