Белбұлақ ауылдық округіне қарасты жаңа құрылыс жерлерінде жаңадан көше атауларын беру мен елді мекендердегі көше атауларын өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.09.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Белбұлақ ауылдық округіне қарасты жаңа құрылыс жерлерінде жаңадан көше атауларын беру мен елді мекендердегі көше атауларын өзгерту туралы Белбұлақ ауылдық округінің 15 маусым 2009 жылы өткен тұрғындар жиналысының шешімін ескере отырып Қазақстан Республикасының «Әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабын және Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 35, 37 бабын басшылыққа ала отырып ауылдық округ әкімі ШЕШІМ қабылдады:
Тармақ 1
1. Белбұлақ ауылдық округіне қарасты Белбұлақ, Талдыбұлақ, Бірлік ауылдарының жанындағы бөлінген жаңа құрылыс жерлерінің көшелеріне жаңадан еліміздің экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосқан, ұлттық тарихымыз бен мәдениетімізге еңбек сіңірген азаматтардың аттары төмендегідей берілсін:
Тармақша 1
1) Белбұлақ ауылындағы жаңа құрылыс жерлеріндегі төменгі жаңа көшелерге: 1-ші көшеге – «Ахмет Байтұрсынов» көшесі; 2-ші көшеге - «Шәкәрім» көшесі; 3-ші көшеге - «Біржан сал» көшесі; 4-ші көшеге – «Ақан сері» көшесі; 5-ші көшеге – «Сүгір» көшесі; 6-шы көшеге – «Керей хан» көшесі; 7-ші көшеге – «Шәкен Айманов» көшесі; 8-ші көшеге – «Нұрғиса Тілендиев» көшесі; 9-шы көшеге – «Ахмет Жұбанов» көшесі; 10-шы көшеге – «Алатау» көшесі; 11-ші көшеге – «Бұқар жырау» көшесі; 12-ші көшеге –«Дәулеткерей» көшесі
Тармақша 2
2) Бірлік ауылының жаңа құрылыс жерлеріндегі төменгі жаңа көшелерге: 1-ші көшеге – «Балуан Шолақ» көшесі; 2-ші көшеге – «Шәмші Қалдаяқов» көшесі; 3-ші көшеге – «Бикен Римова» көшесі.
Тармақша 3
3) Талдыбұлақ аулының жаңа құрылыс жерлеріндегі төменгі көшелерге 1-ші көшеге – «Латиф Хамиди» көшесі; 2-ші көшеге – «Дина Нүрпейісова» көшесі; 3-ші көшеге – «Ұлытау» көшесі.
Тармақ 2
2. Белбұлақ ауылының бұрынғы көшелерінің қазіргі атауы өзгертіліп төмендегідей жаңадан атау берілсін: «Ворошилов» көшесі «Абай» көшесі деп; «Школьная» көшесі «Ыбырай Алтынсарин» көшесі деп; «Мичурин» көшесі «Қ.Әбдіғұлов» көшесі деп ауыстырылсын.
Тармақ 3
3. Белбұлақ, Бірлік, Талдыбұлақ ауылдарының Алматы-Талғар трассасының бойында орналасқан «Шоссейная» көшелері «Жібек-Жолы» болып бір атауға ауыстырылсын
Тармақ 4
4. Бірлік ауылының жаңа құрылыс жеріндегі «А.Күздеубаев көшесі» деп аталып жүрген көше осы шешіммен заңдастырылсын.
Тармақ 5
5. Округке қарасты елді мекендердегі жаңа құрылыс жерлеріндегі жаңадан ат берілген көшелерде орналасқан үйлерге жаңа номерлер берілсін.
Тармақ 6
6. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 7. Осы шешімнің орындалуын бақылау селолық округ әкімінің орынбасары Б.Сеитоваға жүктелсін.