Алмасай ауылындағы Жоғарғы Алмасай көшесінің атын өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.08.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алмасай ауылындағы Жоғарғы Алмасай көшесінің атын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, 1993 жылдың 8 желтоқсандағы № 4200 Қазақстан Республикасының «Әкімшілік аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағы негізінде және 2004 жылғы 25 тамыздағы № 15 Алмасай ауылы ақсақалдар алқасының отырысы хаттамасы мен Алмасай ауыл тұрғындарының 2005 жылғы 29 наурыздағы № 44 хаттамасын ескере отырып, ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Жергілікті халықтың пікірін ескере отырып, Алмасай ауылындағы Жоғары Алмасай көшесінің аты Бекбау Садуакасов атына өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды өз құзырымда қалдырамын.