О присвоении наименований улицам села Пушкино, аула Балуан Шолак Қолданыста
Басқа 0
Пушкино селосының, Балуан Шолақ ауылының көшелеріне атаулар беру туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып, Капитонов селолық округінің әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Пушкино селосының, Балуан Шолақ ауылының көшелеріне атаулар берілсін.
Пушкино селосында:
№ 1 көшеге – Школьная атауы;
№ 2 көшеге – Мира атауы;
№ 3 көшеге – Приречная атауы.
Балуан Шолақ ауылында:
№ 1 көшеге – Бейбітшілік атауы;
№ 2 көшеге – Еркіндік атауы.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Бұланды ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Бұланды ауданының
«Сәулет және
қала құрылысы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Р.К. Әбділдина
Бұланды ауданының
«Мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы С.Е. Аймағамбетова