О присвоении наименований улицам аула Каражар Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.08.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қаражар ауылының көшелеріне атаулар беру туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес, Қаражар ауылы тұрғындары жиналысының 2009 жылдың 24 шілдесіндегі № 2 хаттамасын есепке ала отырып, Қараөткел селолық округінің әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қаражар ауылының көшелеріне атаулар берілсін: № 1 көшеге - Желтоқсан атауы; № 2 көшеге - Қасым Қайсенов атауы; № 3 көшеге - Асан қайғы атауы; № 4 көшеге - Жәнібек хан атауы; № 5 көшеге - Исатай Тайманов атауы; № 6 көшеге - Әлкей Марғұлан атауы; № 7 көшеге - Жаяу Мұса атауы; № 8 көшеге - Біржан сал атауы; № 9 көшеге - Ғарифолла Құрманғалиев атауы; № 10 көшеге - Керей хан атауы; № 11 көшеге - Кенен Әзірбаев атауы; № 12 көшеге - Тоныкөк атауы; № 13 көшеге - Күлтегін атауы; № 14 көшеге - Ықылас Дүкенұлы атауы; № 15 көшеге - Иманжүсіп Күтпанұлы атауы.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Целиноград ауданының Әділет бақсармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: "Целиноград ауданы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Ш.Өтегенова "Целиноград ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы А.Сағынбаев