О присвоении наименований улицам аула Жана Жол Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.08.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жаңа Жол ауылының көшелеріне атаулар беру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес, Жаңа Жол ауылы тұрғындар жиналысының 2009 жылдың 24 шілдесіндегі № 3 хаттамасын есепке ала отырып, Қараөткел селолық округі әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Жаңа Жол ауылының көшелеріне атаулар берілсін: № 1 көшеге – Наймантайұлы Байғозы атауы; № 2 көшеге – Абай Құнанбаев атауы; № 3 көшеге – Рақымжан Қошқарбаев атауы; № 4 көшеге – Қосқопа атауы.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Целиноград ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: «Целиноград ауданының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Ш.Өтегенова «Целиноград ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы А.Сағымбаев