О присвоении наименований улицам в селе Кажымукан Қолданыста
Басқа 0
Қажымұқан ауылының көшелеріне атаулар беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес, Қажымұқан ауылының тұрғындар жиналыстарының 2009 жылдың 01 тамызындағы № 15 хаттамасын есепке ала отырып, Талапкер селолық округ әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қажымұқан ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
№ 1 көшеге – Шәмші Қалдаяқов атауы;
№ 2 көшеге – Қуаныш Ахметбеков атауы;
№ 3 көшеге – Қажымұқан Мұнайтпасов атауы;
№ 4 көшеге – Бәйтерек атауы;
№ 5 көшеге – Күләш Байсейітова атауы;
№ 6 көшеге – Достық атауы;
№ 7 көшеге – Жастар атауы;
№ 8 көшеге – Біржан сал атауы;
№ 9 көшеге – Рақымжан Қошқарбаев атауы;
№ 10 көшеге – Сәкен Сейфуллин атауы;
№ 11 көшеге - Мыңбұлақ атауы;
№ 12 көшеге – Дінмұхамед Қонаев атауы;
№ 13 көшеге – Жібек жолы атауы;
№ 14 көшеге – Қайрат Рысқұлбеков атауы;
№ 15 көшеге – Ыбырай Алтынсарин атауы;
№ 16 көшеге – Құрама атауы.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Целиноград ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
«Целиноград ауданының
мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Ш.Өтегенова
«Целиноград ауданының
сәулет және
қала құрылыс бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы А.Сағымбаев