О присвоении наименований улицам в селе Кызылсуат Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.08.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қызылсуат ауылының көшелеріне атаулар беру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес, Қызылсуат ауылының тұрғындар жиналыстарының 2009 жылдың 31 шілдесіндегі № 15 хаттамасын есепке ала отырып, Талапкер селолық округ әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қызылсуат ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін: № 1 көшеге – Новая атауы; № 2 көшеге – Школьная атауы; № 3 көшеге – Мира атауы; № 4 көшеге – Степная атауы; № 5 көшеге – Дина Нұрпейсова атауы; № 6 көшеге – Майбалық атауы; № 7 көшеге – Әуежай атауы; № 8 көшеге – Талғат Бигелдинов атауы; № 9 көшеге – Армандастар атауы; № 10 көшеге – Біржан сал атауы.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Целиноград ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: «Целиноград ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Ш.Өтегенова «Целиноград ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы А.Сағымбаев