Еңбек селосындағы "Ленина" атындағы көшенің атауын "Әлімбай Жадраев" көшесі деп өзгерту туралы Қолданыста
Басқа 0
Еңбек селосындағы "Ленина" атындағы көшенің атауын "Әлімбай Жадраев" көшесі деп өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабын, Еңбекшіқазақ аудандық ономастика кеңесінің 2009 жылғы 24 маусымдағы N 1 келісімін және ауыл тұрғындарының 2009 жылғы 12 мамырдағы N 2 хаттамасын, тұрғындар өтінішін басшылыққа алып, округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Еңбек селосындағы "Ленина" атындағы көшенің атауы "Әлімбай Жадраев" атындағы көшесі деп өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Тиісті қызмет көрсететін мемлекеттік, мемлекеттік емес мекемелерге Балтабай ауылындағы атауы өзгертілген көшелер таныстырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау, округ әкімінің орынбасары Сауле Базарбайқызы Алиповаға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.