О присвоении наименований улицам аула Айнаколь, села Острогорка Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.09.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Айнакөл ауылының, Острогорка селосының көшелеріне атаулар беру туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып, Айнакөл ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Айнакөл ауылының, Острогорка селосының көшелеріне атаулар берілсін. Айнакөл ауылында: № 1 көшеге - Достық атауы; № 2 көшеге - Жастар атауы; № 3 көшеге - Бейбітшілік атауы; № 4 көшеге - Жеңіс атауы. Острогорка селосында: № 1 көшеге - Степная атауы; № 2 көшеге - Школьная атауы.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Бұланды ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: Бұланды ауданының «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Р.Қ. Әбділдина «Бұланды ауданының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы С.Е. Аймағамбетова