О присвоении наименований улицам в селе Краснофлотское Қолданыста
Басқа 0
Краснофлот ауылының көшелеріне атаулар беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4-тармақшасына және 2009 жылғы 13 наурыздағы Краснофлот ауылы тұрғындары жиынының № 05 хаттамасын есепке ала отырып, Краснофлот ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Краснофлот ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
№ 1 көшесіне – «Орталық» атауы;
№ 2 көшесіне - «Мектеп» атауы;
№ 3 – көшесіне «Еңбек» атауы.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Еңбекшілдер ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа еңгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Еңбекшілдер ауданының
«Сәулет және
қала құрылысы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы А.Қ. Ахметова
Еңбекшілдер ауданының
«Мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Г.Т. Жақыпова