Мақат аудандық Мәслихатының шығып қалған депутатының орнына депутаттыққа кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы Қолданыста
Басқа 0
Мақат аудандық Мәслихатының шығып қалған депутатының орнына депутаттыққа кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қырқүйектегі № 2464 "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабын басшылыққа алып, аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Мақат аудандық Мәслихатының шығып қалған депутатының депутаттығының орнына депутаттыққа кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А. Карімжановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алған ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы
Ә. Ерғожиев
Басқа 4
Аудан әкімиятының
2009 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 160 қаулысына қосымша
Мақат аудандық Мәслихатының шығып қалған депутатының орнына депутаттыққа кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орын тізімі
№
Орналасқан жері - Доссор поселкісі
1
Доссор аудандық ауруханасының ғимараты
2
№ 2 кәсіптік-техникалық лицей ғимараты
3
ДЭУ–23 мекемесінің ғимараты