Об утверждении Инструкции по предоставлению жилых помещений в общежитии Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жатақханасынан тұрғын жайларды беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Орталық мемлекеттік органдардың тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттік қызметшілерін жатақханадан тұрғын жайлармен қамтамасыз ету мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жатақханасынан тұрғын жайларды беру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету департаменті (А.Ш. Хайдаров) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамамен белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жатақханасынан тұрғын жайларды беру жөніндегі нұсқаулық
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі Төрағасының
2009 жылғы 18 қыркүйектегі
N 02-01-02/160 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жатақханасынан тұрғын жайларды беру жөніндегі нұсқаулық
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нұсқаулықта "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі N 94 Заңының 112-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 3 маусымдағы N 454 қаулысымен бекітілген Жатақханаларды пайдалану ережелеріне сәйкес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жатақханасынан (бұдан әрі - жатақхана) тұрғын жайларды беру мәселелері реттелген.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жатақханасы мемлекеттік органдардың орталық аппаратының тұрғын үйге мұқтаж жас мамандарының (бұдан әрі – мекен етуші адам) тұруына арналады.
Тармақ 3
3. Жатақхана Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) қарауында болады. Жатақханаға қызмет көрсету мен оны пайдалануды Агенттік белгілейтін тиісті ұйым (бұдан әрі – Пайдаланушы ұйым) жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Жатақханадан тұрғын жайларды беру және босату Агенттіктің тиісті бұйрығымен рәсімделеді.
Тармақ 5
5. Агенттік жатақхананы пайдалануды жүзеге асыратын Пайдаланушы ұйымның қызметкерлерін орналастыру үшін қызметтік алаң бөледі.
Тарау 2. 2. Тұрғын жайларды беру және жабдықтарды пайдалану
2. Тұрғын жайларды беру және жабдықтарды пайдалану
Тармақ 6
6. Жатақханадан тұрғын жайларды беру мемлекеттік органдар ұсынған тұрғын үйге мұқтаж адамдар тізімдерінің негізінде жүргізіледі және Агенттіктің тиісті бұйрығымен ресімделеді. Осы бұйрықтың негізінде Пайдаланушы ұйым әрбір мекен етуші адаммен, жатақханадан орын берілетін мерзімді көрсете отырып, тұрғын жайды жалға алу (жалдау) шартын жасайды.
Тармақ 7
7. Жатақханадан берілетін тұрғын алаң жалға алу (жалдау) шартында көрсетілген мерзім бойында мекен етушінің атында сақталады.
Тармақ 8
8. Жеке пайдалануға арналған мүлік, сондай-ақ ортақ қолданыстағы заттар қолхат арқылы беріледі.
Тармақ 9
9. Жатақханада тұру үшін төлемақыны мекен етуші адамдардан Пайдаланушы ұйым алады.
Тармақ 10
10. Жатақханада тұратын адамдарға жатақханаға кіру құқығына рұқсаттама беріледі. Рұқсаттамада мекен етуші адамның фамилиясы, аты, әкесінің аты, жұмыс орны туралы ақпарат, сондай-ақ оның фотосы болады.
Тармақ 11
11. Рұқсаттамалар басқа адамдарға берілмейді.
Тармақ 12
12. Жатақханаға келушілер жатақхана кезекшісіне жеке басын куәландыратын құжатын ұсынған жағдайда ғана жіберіледі және келушілер кітабында тіркеледі.
Тармақ 13
13. Жатақханада мекен етуші адамдар өз бөлмелерінде тәртіп сақтау жөніндегі жұмыстарды орындайды.
Тармақ 14
14. Жатақхананың онда тұратын адамдарға берілген тұрғын жайлары жекешелендірілмейді.