Ауыл көшелеріне атау беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.09.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауыл көшелеріне атау беру туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, Ж.Ералиев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ж.Ералиев ауылдық округіне қарасты: Арай ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Бейбітшілік, Самал, Өркен, Жібек жолы, Ақорда, Тәуекел, Тыныштық, Наурыз, Қызғалдақ, Жасыл желек, Үркер; Абай ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Тәуелсіздік, Көктерек, Ырысты, Береке, Ынтымақ, Самал, Шуақ, Бейбітшілік, Арай, Дихан, Достық, Үркер, Нұр, Бірлік, Бақша; Ғ.Мұратбаев ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Көктем, Тілек, Несібе, Аманат, Самал, Үміт, Шуақ, Нұр, Достық, Талдықұдық, Жасталап, Бірлік, Ынтымақ, Дихан; Көктөбе ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Ақжол, Көктем, Ырыс, Көктерек, Үркер, Жауқазын, Барыс, Достық, Бәйтерек, Бейбітшілік, Қызғалдақ, Алмалы, Алтындән; Үтіртөбе ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Шуақты, Гүлдер, Наурыз, Көктем, Үркер, Жеңіс, Жағалау, Достық, Қуанышты, Бейбітшілік, Ынтымақ, Жастар; Қызыләскер ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Ынтымақ, Бірлік, Көктерек, Ырысты, Құлагер, Бейбітшілік, Қос арық, Жастар; Жданово ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Еңбекші, Жүзтерек, Наурыз, Ақсұңқар, Талапты, Шуақ, Бірлік, Дихан, Бүркіт, Тәуелсіздік, Достық, Жастар, Бейбіт, Ынтымақ; С.Сейфуллин ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Ардагер, Достық, Бәйтерек, Еңбекші, Ақ алтын, Талдықұдық, Бейбітшілік, Шуақ, Ынтымақ; М.Әуезов ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Табыс, Береке, Молшылық; Жаңадәуір ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Тыныштық, Бәйтерек, Егеменді; Жазықсай ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Қырман, Табыс; Жамбыл ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Күншуақ, Көпір; Жағажай ауылындағы атауы жоқ көшеге Достық; Дихан ауылындағы атауы жоқ көшеге Бірлік деген атаулар берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жүргізу ауылдық округі әкімінің орынбасары А.Мырзахметовке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.