Қолданыстағы ред. 15.09.2009

Ауыл көшелеріне атау беру туралы от 15.09.2009 г. № 17 (Ауыл көшелеріне атау беру туралы)

0

Ауыл көшелеріне атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, Мақталы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Мақталы ауылдық округіне қарасты:
Алтынсарин ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Жібек жолы, Көктем, Бейбітшілік, Атамұра, Ынтымақ, 8-Наурыз, Жаңа құрылыс, Шұғыла;
Ғани Мұратбаев ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Достық, Ынтымақ, Болашақ, Арай, Желтоқсан, Егемен, 9-Мамыр, Жаңа құрылыс, Еңбекші;
Тың ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Тәуелсіз, Астана, Отан, 1-Мамыр, Болашақ, Бәйтерек;
Мақталы ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Ордабасы, Бәйтерек, Атамекен, Тәуелсіздік, Бейбітшілік, Алтын арай, Мақташы, Наурыз, Достық, Жастар, Береке, Шапағат;
Чехов ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Ордабасы, Бәйтерек, Атамекен, Болашақ, Ынтымақ, Сырдария, Бірлік, Шұғыла, Самал;
Теміржол ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Жеңіс, Қарқаралы, Азаттық, Ақшуақ, Берекелі;
Алмалы ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Түркістан, Астана, Мақтаарал, Отырар, Желтоқсан, Мырзашөл, Сарыарқа, Бейбітшілік, Алмалы, Көктем, Достық, Алматы, Жібек жолы деген атаулар берілсін.

2

2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзіретіме қалдырамын.

3

3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.