Ауыл көшелеріне атау беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.09.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауыл көшелеріне атау беру туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, Жамбыл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жамбыл ауылдық округіне қарасты: Кеңесшіл ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Кемер, Нұртас, Жас ұлан, Ізгілік, Қызыл жаға, Низам, Игілік, Азат, Замана, Би, Сымбат, Саялы, Сабырлы; Прогресс ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Жалын, Молшылық, Алға, Ырысты, Шамшырақ, Өрлітөбе, Барыс, Мейрам, Ұлағат, Ұлан, Шарайна; Тегістік ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Көрікті, Қаратал, Нұрауыл, Мөлдіртас; Абай ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Көкорай, Ақдала, Жазықсай, Кеңөлке, Шапағат деген атаулар берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзіретіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.